Аймақтар • Бүгін, 13:43

Жасанды интеллект ұрлықтың бетін ашты

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының прокуратурасы жасанды интеллектке негізделген «IT Tergeu» жобасы шеңберінде ұрлық фактілерін әшкерелеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект ұрлықтың бетін ашты

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон тексерілген. Нәтижесінде 200 миллион теңгеден астам залал келтірілген 134 қылмыстық факті анықталған.

Бұдан бөлек 62 қылмыскер ұсталып, із-түзсіз жоғалған 51 адам табылған. Қазірге дейін жалпы сомасы 439 миллион теңге өндірілген.