Фото: gov.kz
«Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды», делінген мәлімдемеде.
Х.З. Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Халидулла Дәуешов 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1984-1985 жылдары Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысты. 1991 жылы С.М.Кирова атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.