Фото: Вячеслав Батурин
Іс-шара «Эгмонт» тобының (ECOFEL) қаржылық барлау бөлімшелерінің (ҚББ) озық тәжірибе және көшбасшылық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Оқыту үдерісі тек теориялық білім алуды ғана емес, сонымен бірге алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік беретін практикалық мәселелерді шешуді де қарастырады.
Астанаға келген шетелдік мамандар кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдар ұсынған ережелер мен нормалардың белгіленген жүйесін сақтаудың маңыздылығын атап өтеді, бұл өз кезегінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан ҚББ өкілдері үшін ЕАТ өзара бағалау қорытындылары бойынша екі елге техникалық көмек көрсету жөніндегі жобалық жоспарлар шеңберінде өткізіліп жатыр.
Қаржылық мониторингі агенттігі ақшаны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйенің әлеуетін, оның ішінде сала мамандарының біліктілігін ұдайы арттыруды белсенді жалғастыратын болады.