Президент • Кеше

Сербияның екі азаматы «Достық» орденімен марапатталды

29 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградқа ресми сапары аясында Сербия азаматтары Лазар Коич пен Драгомир Каричті марапаттау рәсімі өтті. Олар Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл жоғары марапаттарды Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин тапсырды. Бұл туралы Ақорда  баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сербияның екі азаматы «Достық» орденімен марапатталды

Лазар Коич – Қазақстанда жүгерінің жаңа сорттарын өсіру жөніндегі ғылыми жобаның жетекшісі. Ол – еліміздегі жүгері селекциясы және тұқым шаруашылығы бағдарламасының тұрақты басшысы және бас селекционер. Оның жұмысы арқылы Қазақстанда жүгерінің 18 бірлескен қазақ-серб гибридтері түзілді. Нәтижесінде Қазақстан осы дақылдың тұқымын импорттық алмастыруды жүзеге асырды, еліміз тұқым материалы импортынан тәуелсіз болды. Жыл сайын Л.Коич еңбек ететін «Будан» ЖШС бірінші буынның жүгері тұқымын өндіреді және ел нарығының 85%-ын қамтамасыз етеді.

Ал Драгомир Карич – «Братья Карич» көпсалалы холдингінің тең құрылтайшысы әрі тең иесі. Д.Карич Қазақстан-Сербия қарым-қатынасын нығайтуға, екіжақты саяси диалог пен сауда-экономикалық әрі инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы парламенттік байланыстардың дамуына серпін беріп, Қазақстанның оң имиджінің қалыптасуына ықпал етті. 2019 жылдың қараша айында «Президенттік институт: Қазақстандық модель» халықаралық парламенттік конференциясына қатысу үшін Сербия Парламенті депутаттарының делегациясын бастап келді. Ол ұзақ жылдар бойы Сербия аумағында түрлі мәдени іс-шараларды өткізуге, соның ішінде қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламаларын ұйымдастыруға қолдау көрсетті.