31 Қаңтар, 2015

Германия төріндегі кездесу

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_4421 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары – Қазақстан кандидатурасын  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі Дариға Назарбаева өзінің Германияға сапары аясында Берлинде «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді. Өзара үнқатысу бейресми түрде өтіп, соның барысында Д.На­зарбаева болашақ мамандарды Қазақстандағы жас­тар сая­сатының өзекті мәселелері, еңбек нарығы және жас мамандар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті. Кездесу кезінде Елбасы дайындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тұрғысынан біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани түрлену үдерісіндегі болашақ ұрпақтың рөлі ерекше аталды. Өз кезегінде, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар Германияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға берген мүмкіншіліктер үшін мемлекетке өздерінің ал­ғыстарын айтып, алған бі­лімдерін Қазақстанға келген соң кеңінен қолдануға берік ниеттерін біл­дірді. Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төра­ға­сының орынбасары «Хабар» теле­арнасына сұхбат беріп, Бер­линде неміс тарапымен өткен келіссөздердің нәтижелері туралы әңгімеледі. «Егемен-ақпарат». Суретте: Д.Назарбаева Гер­ма­нияда оқитын қазақстандық студенттер ортасында.