Оқиға • 20 Қараша, 2024

Астанада «Жасыл Аймақ» жұмысшылары жалақы ала алмай жүрген

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам жұмысшыларының жалақысын төлемеуі салдарынан олардың құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Жасыл Аймақ» жұмысшылары жалақы ала алмай жүрген

Фото: liter.kz

Бас прокуртураның мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айындағы қарыз 144 млн теңгеден астам соманы құраған.
 
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелген.

«Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.