Байқауда To My Mom («Анама») әнін орындаған 11 жасар грузиялық Андрия Путкарадзе жеңіске жетті.
Грузия өнерпазына Италия, Эстония, Албания, Армения, Кипр, Испания, Нидерланд, Сан-Марино, Украина, Португалия, Исландия мен Мальта мүмкін болған 12 ұпайдан берді.
Путкарадзе нәтижесінде 239 ұпай алса, екінші орын алған португалиялық дарын 213 ұпай еншіледі.
Бұған дейін аталған байқауда Грузияның жас әншілері 2008, 2011 және 2016 жылдары жеңіске жеткен. Осылайша, олар осымен төртінші рет, яғни рекордтық көрсеткіште жеңіске жетіп отыр.
Биылғы ән байқауына Эстония, Франция, Испания, Албания, Армения, Грузия, Нидерланд, Кипр, Ирландия, Италия, Мальта, Польша, Португалия, Солтүстік Македония, Германия, Сан-Марино мен Украина қатысты.