Халық — қасиетті, қастерлі әрі ауқымды ұғым. Біз халықтың мәртебесін Конституциямызға да шегелеп жазып қойғанбыз. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық” деп. Сонымен қатар халықшылдық, ұлтшылдық, көпшілдік деген ұғымдар бар бізде. Бұлар халық деген ауқымды ұғымның ажырамас бөлшегі іспеттес.
Біз кімдерді халықшыл дейміз? Халқына болысқандарды. Халқының мойнындағы ауыр жүгін бірге көтеріскендерді. Мұндай теңеуді жеке адамдарға ғана емес, заңды тұлғаларға қатысты да айтуға әбден болады.
“Үйі жоқтың — күйі жоқ” деген қанатты сөз бар қазақта. Осындай үйі жоқтарға үй алуға жәрдемдесіп, күйі жоқтардың күйін келтіруге көмектесіп жүрген “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін” халықшыл демей, кім дейміз?!
2003 жылы жұмысын бастаған “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” осы уақытқа дейін жалпы сомасы 290,7 млрд. теңгені құрайтын 178 мыңнан астам келісім-шарт жасасқан. Осының бәрі халықтың игілігі, халықтың қажеттілігі үшін. Халықтың жүгі — ауыр жүк. Мұнша ауыр жүкті бірлесіп көтеретін сенімді әріптес қажет-ақ. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” сенімді әріптесі бар. Ол — “Халық банкі”.
“Халық банкі” АҚ мен “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ 2006 жылдан бері иық тірестіре жұмыс істеп келеді. Әріптестіктің алғашқы сатысында “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” салымшыларына “Халық банкі” терминалдарын пайдалану мүмкіндігі берілген болатын. Бұл тәжірибе ең алдымен Алматыда жүргізілді. Әріптестіктің тиімділігін түсінген тараптар бірте-бірте бұл тәжірибені еліміздің түпкір-түпкірінде іс жүзінде қолдана бастады. “Халық банкінің” терминалдарын кез келген жерден табуға болады. Тіпті алыс ауыл-аймақтардан да. Іргелі екі банктің әріптестігі үлкен қалалардың тұрғындарын ғана емес, ауыл-ауылдардың халқын да бір қуантты. Енді жұрт “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен” алған несиенің жарнасын төлеуді, заемдар бойынша борышын өтеуді “Халық банкінің” терминалдарынан-ақ жүзеге асыра береді. Бұдан былай банктен заем алу үшін немесе тұрғын үй жинақтары туралы келісімге отыру үшін бума-бума құжаттарды қолтықтап, орталыққа шабылмайсыз. Мұндай іс-шараларды “Халық банкінің” бөлімшелерінде отырып-ақ тындыра бересіз. Құжаттарды рәсімдеу және қабылдау да сол жерде атқарылады.
“Халық банкі” мен “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арасындағы әріптестік өз жемісін беріп келеді. Өйткені “Халық банкі” банкоматтарының күні-түні қосулы тұратынын, республика аумағының барлық жерінде бар екенін және олардың мереке күндері де жұмыс істей беретінін ескерсек, бұған таңданудың реті жоқ.
Халықшыл екі банктің бірлескен жобасының екіншісі сатысында “Халық банкінің” “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арнайы бағдарламасын енгізуі және пайдалануы болды. Бұл — тұрғын үй құрылыс жинағы келісім-шарттарын жасауға, оған өзгерістер енгізуге, әріптес банктердің бөлімшелерінен займ алу үшін құжаттар топтамасын құрылымдауға мүмкіндік береді. Алайда, бір нәрсені есте ұстаған жөн: займ беру мәселесін қарау және клиенттің төлемге қабілеттілігін анықтау — “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның ықтиярындағы шаруа. “Халық банкінің” бөлімшелері арқылы жасалған келісім-шарттардың бәрі де жүйе басымдылығына ие бола алады.
Айтпақшы, бұл әріптестіктің тиімділігін мынадан да көруге болады: екі банк әріптестікті жаңа бастаған тұста “Халық банкінің” сол кездегі басқарма төрағасы Григорий Марченко ұлының атына жинақ есепшотын ашқызған-ды. Сұхбаттарының бірінде ол былай деген: “Жағдайға салқынқандылықпен баға берген жөн. Егер кіріс деңгейі тұрақты әрі жоғары болса, алғашқы жинағыңыз болса, онда ипотекалық несиеге иек артуға болар. Егер кіріс төмен болып, алғашқы жинағыңыз болмаса, онда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” қарай аттың басын бұрыңыз”.
Марченконың бұл сөзіне алып-қосарымыз жоқ. Ендігі таңдау — өзіңізде. Ақылға салыңыз, дұрыс қадам жасаңыз.
Қосымша ақпаратты “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-нан ала аласыздар: Алматы – 279-25-55, Қызылорда – 26-26-64, Көкшетау – 25-63-04, Талдықорған – 24-79-72, Тараз – 42-58-60, Шымкент – 21-33-62, Павлодар – 34-08-99, Өскемен – 47-54-72, Қарағанды – 43-62-52, Қостанай – 53-38-20, Орал – 54-36-36, Атырау – 32-04-00, Ақтау – 43-96-91, Астана – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе – 55-71-66, Петропавл – 42-79-94, Семей – 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz/ сайтында.