Жастар • 21 Қараша, 2024

Жастар керуені сапарда жүр

80 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқар­ма­сының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» ұйымдастырған «Жастар керуені» облыстың он екі ауданын аралап, жолға шықты.

Жастар керуені сапарда жүр

Сурет: zhaikpress.kz

Бүгінде мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты, әсіресе ауыл жастарын қолдауға бағыт­талған түрлі бағдарлама аз емес. Бірақ ол жөнінде көптеген жастар анық біле бермейді. «Облыстың бүкіл ауданын аралап, жастармен кездесуді мақсат тұтқан керуеннің көздегені – осы кемшілікті жою», дейді жоба жетекшісі Айболат Құрымбаев.

Айболат Шамұратұлының айтуынша, осы жоба аясында Қазақстан Президентінің жыл сайынғы Жолдауы мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы, «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыппен жарық көрген сұхбаты жастар арасында терең талқыланады. Жастар әлеуетін дамытатын бағдарламалар туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру бойынша ауыл жас­тарынан, тіпті оқушылардан да ұсыныс-пікір жиналады.

Осындай жобалардың ар­қа­­сында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жылдан-жылға төмендеп, кәсіпкерлікке бой ұрған жастар көбейіп келеді. Ресми статистика да осыны растап отыр. Мемлекеттің жастарға деген қолдауының нәтижесінде оң өзгеріс байқалады.

«Жастар керуенінің» ал­ғаш­қы сапары Сырым және Қара­төбе аудандарынан бас­талды. Қаратөбеде аудан жас­тарымен кездесу барысында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының Батыс Қазақстан бойынша өкілі Свет­­лана Дүйсенбаева отбасы құн­дылықтары турасында, Әлішер Ғұмаров видеография саласы бойынша, «Batys Oil» тренинг орталығының нұсқаушы­­­сы Светлана Тенишева «Алғаш­қы көмек көрсету дағдыларын оқыту» тақырыбында, ал жоба жетекшісі Айболат Құрымбаев «Волонтерлік қызмет» тақыры­бында тренинг өткізді.

Кездесу концерттік бағдар­ла­мамен аяқталып, жастарға жа­ғымды әсер сыйлады. Жас­тар­дың өзекті мәселелері мен пікір­лері әртүрлі болғаны­­мен, жобаның мақсаты – оларға қол­дау көрсету және болашаққа сенімділікпен қарауға бағыттау. Бұл мақсат орындалған сияқты.

«Жастар керуені» 11-27 қа­ра­ша аралығында Сырым, Қа­ратөбе, Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Тасқала, Бәйтерек, Ақжайық, Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала аудан­­дарында барлығы 1300-ге жуық жаспен кездесу өткізуді жос­­парлап отыр. Кездесу бары­сында жастардың өзекті мәсе­лелері тыңдалып, оларға мем­­лекеттік бағдарламалар, ұлт­тық құндылық, кәсіпкерлік, отба­сы тәрбиесі және т.б. тақы­рып­тарда ақпарат беріледі. Тре­нерлер жастармен пікір алма­сып, олардың сұрақтарына жа­уап береді. Спорттың түрлі сала­ларынан жетістікке жеткен жас спортшылар бос уақытты тиім­ді өткізудің жолдарын үй­ре­теді. Әр ауданның өзекті мәсе­лелеріне назар аударылады.

 

Батыс Қазақстан облысы