Несие • Бүгін, 09:40

Микронесие мүмкіндігі

65 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміздің Бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк енгізген жыл­дық 100% шектеуге қарамастан, микроқаржы ұйым­да­ры (МҚҰ) жылдық 720%-ға жететін мөлшерлемемен несие беріп келген.

Микронесие мүмкіндігі

Сурет: kmf.kz

Ал аталған ұйым өздерінің негізгі қызметтері үшін пайдаланатын ресурстарды ел аумағына тарату қиындап кеткендігін айтады. Өйткені отандық банк­тер МҚҰ-дан өтімді кепілзат ұсынуын талап етеді. Бұл кепіл­зат МҚҰ-ның бәрінде бірдей жоқ немесе жеткіліксіз. Сол себепті көбіне кепілсіз несие беретін шетелдіктерге жүгінуге мәжбүр. Сондықтан елімізде берілген түгелге жуық шағын несиелер, шамамен 70%-ы шетелдік қаржыландыру есебінен жүр­гізілген. Шағын несиелер беру мен ұстауға байланысты опера­ция­лық шығындар 14%-ды құ­райды.

Статистикаға сәйкес, МҚҰ қарыз алу­шыларының 66%-ы – ауыл тұрғындары. Прови­зия­ларды құруға арналған шығын­дар­дың үлесі – 18%. Басқа шы­ғыстар – 27%. Несие бойынша төлемеу тәуекелі барлық қарыз алушыларға пропорционал бөлініп, пайыздық мөлшерлемесі тең болған. Аталған барлық компоненттер құны – 34%. Егер орташа сыйақы 38% болса, онда МҚҰ-дағы пайда корпоративтік табыс салығын төлегенге дейін 4%. Шағын несие мөлшері неғұрлым аз болса, оның рентабельдігі соғұрлым төмендейді. Ал несие беру және қызмет көрсету шығындары бәріне бірдей.

Микроқаржы ұйымдары қауым­­­дастығының төрағасы Ербол Омархановтың айтуынша, нарықтағы шағын несиенің орташа мөлшері шамамен 650 мың теңге. Портфелдегі шағын несие үлесі – 86%. Операциялық шығындарды ескере отырып, бұл несиелердің экономикалық тиімділігі де көп деп айтуға кел­мейді. Бұдан біраз бұрын аталған ұйым өз қызметіне иннова­ция­лық технологияларды енгізу, клиент­­терге қашықтан қызмет көр­сету арналарын кеңейту және несие­лік үдерістерді автоматтандыру арқылы операциялық шы­ғын­дарды азайтып жатқан­дығын жет­кізген еді.

Сонымен жоспарланған өзгерістер шағын несие секторын тұрақтандыруға бағыттап, құжат халықтың қарыз жүктемесінің бақылаусыз өсуіне жол бермей, шарттағы міндеттемелерді орындау үшін нарық ойыншыларының жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында әзірлеу керек-ті.

Таяуда Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Микро­қаржы ұйым­да­­рының (МҚҰ) несие беру ере­­желеріне жеңілдіктер енгізілгендігінен хабардар етті. Рет­теуші капиталдың жеткі­лік­ті коэффициентін есеп­теу ке­зінде қолданылатын тәуе­кел­дер­ді 50% тармаққа төмендеп, шағын несиелер 100%-дан 50%-ға, автокөлікпен қамтамасыз ету 150%-дан 100%-ға дейінгі аралықта азайтылған. Ведомство бұл өзгерістерді бизнесті несие­лен­діру шарттарын жақ­сартуға бағытталғандығын әрі ел экономикасына оң әсерін тигізетіндігіне сенімді. Берілген шағын несие­лер­дің ең жоғары үлесі ауыл шаруа­шылығына (31,1%), қызмет көрсетуге (23,9%), электр энергия­сын өндіруге (16,3%), өнеркәсіпке (12,3%) және саудаға (10%) тиесілі. Өңірлер бойынша еліміздің ең ірі мегаполисіне жататын Алматы (16%), Астана (7%) және Шымкент (6%) қалалары, Түркістан (10%) мен Ақмола (5%) облысының сау­да, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы секторлары бар. Сонымен қатар ломбардтарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. Кепілсіз тұтынушылық несиелеудің өсуін шектеу және үй шаруашылығындағы қарызды азайтуда тәуекелді бағалау көр­сет­кіштері 200%-дан 500%-ға дейін ұлғайтылған. Микроқаржы ұйымдарына қатысты жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін 100 млн теңгеден 150 млн теңгеге дейін, ал биылғы жылдың қаң­тарынан бастап 200 млн теңгеге дейін көбейту талаптары бар. Бұл клиенттердің несиелік қарыз ауырт­палығының қолайлы дең­­гейін енгізіп, кірістерді күн­кө­ріс­тен жоғары деңгейде қарас­тырған.