
Фото: Валерий Бугаев
Болатбек Шәріпов 1973 жылы Ертіс ауданы Заречное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Ертіс өңірінде басқарма басшысынан облыс әкіміне дейін көтерілді.
Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов жаңа басшының алдына барлық қолданыстағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды, сондай-ақ түйткілді мәселелерді сараптау міндетін қойды.
Жаңа әкімге экономиканың тұрақты өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету де жүктелді. Сондай-ақ Ақсу инвестициялық аймағын, инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, тұрғындардың өзекті мәселелеріне дер кезінде ден қою міндеттелді.