Фото: «ҚазАвтоЖол»
«21 қарашада сағат 15:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылы - Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады», делінген хабарламада.
Аталған жолды 22 қарашада сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.