Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиядан
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2015 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсыну, ресімдеу және беру әдістемесі төменде жарияланған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің www.scedu.kz сайттарында орналасқан. Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдар авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясында 2015 жылғы 1 наурызға дейін мынадай мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 1045-бөлме, жабық тақырыптар бойынша 924-бөлмеде. Аңықтама телефоны: 8(7172) 74-24-68. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсыну, ресімдеу және беру ӘДІСТЕМЕСІ Осы Әдістеме «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсынуға, ресімдеуге және беруге қойылатын талаптарды белгілейді. 1. Жұмыстарды ұсыну 1. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдардың алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалы органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді. Жұмысты бірнеше ұйымдар бірлесіп ұсынуы мүмкін, бұл ретте жалпы келісім бойынша олардың біреуі басты ұсынатын ұйым болып анықталады. 2. Ізденушілер ұжымына жұмысты орындау процесінде тек әкімшілік, консультативтік немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған тұлғаларды енгізуге жол берілмейді. 3. Мемлекеттік сыйлықты алуға арналған жұмыстарды ұсыну ақпараттық ашықтық қағидаттары негізінде жүргізілуі тиіс. Жұмыстарды талқылауда Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесін қолданатын ұйымдар (кәсіпорындар) өкілдерінің қатысуы міндетті болып табылады. 4. Жұмысты орындаушылардың жалпы санынан авторлық ұжымға (авторлар) кандидаттарды ұсыну олардың әрқайсысының шығармашылық үлесіне баға беру арқылы жүргізіледі. Авторлық ұжымның әрбір мүшесінің кандидатурасы оның негізгі қызмет орны бойынша талқылануы тиіс. Мемлекеттік сыйлықты алуға арналған жұмыс пен авторлық ұжымды (авторлар) ұсыну туралы шешім жасырын дауыс беру арқылы кәсіпорынның, ғалымдар, ғылыми немесе ғылыми-техникалық кеңестің, оқу орнының немесе ұйымның (кәсіпорынның) алқалық органының отырысында қабылданады. 2. Жұмыстарды ресімдеудің және ұсынудың тәртібі 5. Жұмыс түптелген бір том түрінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 данада ұсынылады. Оған бір парақта (6 дана) қысқаша аннотация қоса тіркеледі. Мәтін А4 (297x210) форматында парақтың бір бетіне басылады, томдардың мұқабасында жұмыстың атауы, авторлардың тегі, аты-жөні көрсетіледі. 6. Аннотация бір парақта ресімделеді және мыналарды қамтуы тиіс: беттің бір жағында: жұмыстың атауы; ұсынып отырған ұйымның толық атауы; авторлардың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орындары, лауазымдары, ғылыми дәрежелері мен атақтары; беттің екінші жағында: жұмыстың қысқаша мазмұны (мәтіні 1500 таңбаға дейін), оның негізгі ғылыми-техникалық идеясы, өндіріске енгізудің нәтижесі мен оны іске асырудың экономикалық және (немесе) әлеуметтік маңызы; жетекшінің немесе жұмыс авторларының бірінің қолы. 7. Бірінші том жұмыстың техникалық сипаттамасын қамтиды. Сипаттама мәтіндік құжаттарға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес ресімделеді. Сипаттау мәтінінің көлемі 100 парақтан аспауы тиіс. Безендіру (иллюстрация) мәтін бойынша орналастырылуы немесе жеке ұсынылуы мүмкін. 1) Жұмыс сипаттамасының мұқаба бетінде жұмысты ұсынушы ұйымның атауы, жұмыстың атауы, ізденушінің тегі, аты-жөні ұйымдар бойынша әліпби ретімен жазылып, олардың қолдары қойылады. Жұмыстың жетекшісі тиісті белгімен (жетекші) тізімде бірінші көрсетіледі. Мұқаба беті мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады. 2) Сипаттама басында маңызды және жаңа нәтижелері бар іргелі зерттеулер, жаңа технологиялар және техникалар, қолданбалы жұмыстар (көлемі 10 парақтан кем емес) қайда және қандай масштабта жұмыс іске асырылғаны, оны Қазақстанның дамуында қолданған жағдайда кандай техникалық-экономикалық нәтижелер болатыны көрсетілген аннотация келтіріледі. Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, ұқсас әлемдік үздік еңбектермен салыстырмалы нақты сипаттамасы, енгізу жағдайы (экономикалық немесе әлеуметтік әсері) баяндалады, осы нәтижелерді пайдаланудың болашағы айқындалады, жұмыстың ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі. Жаңа технологиялардың, техниканың, кұралдар мен материалдардың, заттардың, пайдалану жағдайларының негізгі сипаттамасы келтіріліп, әзірлемелердің патенттік-лицензиялық құндылығы көрсетіледі. Сипаттаманың соңында авторлардың жұмыс тақырыбы бойынша еңбектерінің, жаңалықтары мен өнертабыстарының, патенттердің, авторлық куәліктердің, сынақ актілерінің, өндіріске енгізу актілерінің тізімі, мекемелер мен кәсіпорындардың сын-пікірлері, сарапшылардың қорытындылары келтіріледі. Сонымен бірге, автордың ғылыми жарияланымдары мен патенттерінің толық тізбесі, сондай-ақ цитата алу индексі және халықаралық рейтингілік басылымдардағы жарияланымдары туралы мәліметтер ұсынылады. 8. Екінші томда (құжатты ұсыну) мыналар қамтылады: 1) Әрбір ізденушінің тегін, атын, әкесінің атын, ғылыми дәрежесін, жұмыс орнын, лауазымын, ведомствосын, тырнақшада оның мазмұнын нақты көрсететін жұмысының атауын көрсете отырып, ұсынушы бас ұйымның бланкісіндегі ұсыныс-хат. Одан әрі хатта мыналар көрсетіледі: жұмыстың қысқаша мазмұны, оны ұсынудың негіздемесі, жұмысты жалпы бағалау, оның басталу және аяқталу мерзімі және нәтижелерді практикалық іске асыру кезеңі, іске асырылу ауқымы, ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық көрсеткіштері, одан алынған экономикалық және әлеуметтік әсер. Ұсыныс-хатқа ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойып, елтаңбалы мөрімен растайды. Егер жұмысты бірнеше ұйым ұсынатын болса, онда хатқа әрбір ұйымның басшысы қол қояды. Барлық жағдайда басшылардың қолдары елтаңбалы мөрмен бекітіледі. Авторларды ұсыныс-хатта тізбектеп жазу ұйымдар бойынша алфавит ретімен жүзеге асырылады. Егер жұмыстың жетекшісі белгіленсе, ол «жетекші» белгісі қойылып, тізімде бірінші болып көрсетіледі. Егер қайтыс болған автор сыйлыққа ұсынылса, оның соңғы лауазымы мен жұмыс орны көрсетіледі. Сонымен қатар, конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлыққа лайық болмағаны туралы мәліметті көрсету қажет. 2) Ашық баспасөзде жұмыстың атауы мен мазмұнын, авторлардың тегін, лауазымдарын, жұмыс орнын жариялау рұқсаты туралы хат (ұсынушы ұйымның бланкісіне жазылып, басшының қолы қойылады). 3) Жұмыстың толық атауын, барлық авторлар ұжымының құрамын (әрбір автордың тегі, аты-жөні, оның лауазымы, жұмыс орны) көрсете отырып, кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қойып, ұйымның мөрімен расталған төралқа, алқа, ғалымдар, ғылыми немесе ғылыми-техникалық кеңес, кәсіпорын, ұйым кеңесі, еңбек ұжымы отырыстарының жұмысты сыйлыққа ұсыну туралы хаттамасынан (хаттамаларынан) үзінді (үзінділер). 4) Есеп комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қойып, ұйымның мөрімен расталған кеңес мүшелерінің санын, дауыс беруге қатысқандардың санын және жасырын дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, есеп комиссиясының хаттамасы (хаттамалары). Авторлық ұжымның құрамына жұмысты ұсынып отырған ұйымның қызметкері болып табылмайтын адамдар кірген жағдайда, кеңестер мен есеп комиссиялары отырыстарының олардың негізгі жұмыс орындары бойынша хаттамаларынан сол адамдарды авторлық ұжым құрамына енгізу жөніндегі ұсынымдамаларға қатысты үзінділері ресімделеді. 5) Шығармашылық үлесі туралы анықтама әрбір ізденушіге оның тегі, аты, әкесінің аты, жұмысты орындаған кездегі атқарған лауазымы, сондай-ақ оның жұмысқа қосқан нақты шығармашылық үлесінің сипаттамасы және оны авторлық ұжымның құрамына енгізу негіздемесі көрсетіле отырып жеке ұсынылады. Анықтамаға автордың Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынған жұмысты орындау кезіндегі жұмыс орны бойынша ұйымның басшысы, сондай-ақ ұсынушы бас ұйымның басшысы қол қояды және олардың мөрлерімен расталады. Егер ұсынылған жұмысты бір автор орындаған болса, қосқан үлесі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді. 6) Ұсынылған жұмыстың ізденушілері туралы мәліметтер ізденушінің негізгі жұмыс орны бойынша ұйым бланкісінде ұсынылады. Мәліметтер қатаң түрде төлқұжат (куәлік) бойынша мынадай түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді: тегі, аты; әкесінің аты, туған жылы, төлқұжат деректері; мамандығы; құрметті атағы (егер ізденуші лауреат болса, міндетті түрде қандай сыйлық, қай жылы алғаны көрсетіледі); марапаталған күнін, не үшін алғанын көрсете отырып, соңғы бес жылда алған мемлекеттік наградалары; ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы; ведомстволық бағыныстылығы көрсетілген жұмыс орны; атқаратын лауазымы; мекенжайы және телефоны (қызметтік және үй); мәліметтерге ізденуші қол қояды, оны кадрлар бөлімінің қызметкері растап, мөрін басып, толтырылған күнін көрсетеді; зейнеткерлер үшін мәліметтер ізденуші соңғы жұмыс істеген ұйымда (ұйым бланкісінде) дайындалады; егер автор қайтыс болған соң ұсынылатын болса, мәліметтерде оның қайтыс болған күні, сондай-ақ мұрагерінің тегі, аты, әкесінің аты, үйінің мекенжайы, телефоны көрсетіледі. Егер қандай да бір авторды ұсынғаннан кейін ол туралы мәліметтерде өзгерістер болса, онда анықталған деректер көрсетілген нысанда қосымша хабарланады. Жұмыстың атауы, авторлардың лауазымдары мен жұмыс орындары құжаттардың барлығында бірдей жазылуы тиіс. Ұйымдардың атауларын қысқартуға жол берілмейді, аббревиатуралар құжатта олардың ашылып жазылу тізімі болғанда ғана пайдаланылады. 9. Ұсынуға жарияланған ғылыми жұмыстар (кітаптар, монографиялар, брошюра баспа мақалалары – 5-тен артық емес); конструкторлық, техникалық әзірлемелердің, технологиялық процестердің және басқа да инновациялық жетістіктердің авторлығын дәлелдейтін, оларды жасағаны үшін авторы (авторлар ұжымы) Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған құжаттар (патенттер көшірмелері, авторлық куәліктер, сынақ актілері, өндіріске енгізу актілері) қоса тіркеледі. 3. Мәліметтері жариялауға жатпайтын жұмыстар бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдеу және ұсыну 10. Мәліметтері жариялауға жатпайтын жұмыстар бойынша барлық құжаттар мен материалдар үш данада ұсынылады және Қазақстан Республикасындағы құпиялық режімді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасына жіберіледі. «Қызмет бабында пайдалану үшін» (ҚБПҮ) деген белгісі бар жұмыстар толық данада ұсынылады, тиісті белгіде негіздеме беріледі. 4. Құжаттарды қабылдау 11. Көрсетілген талаптарға сәйкес ресімделген барлық құжаттар мен материалдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде тікелей автордан немесе оның сенімді адамынан мына мекенжайы бойынша қабылданады: Астана қаласы, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 1045-бөлме, жабық тақырып бойынша 924-бөлме. Анықтама телефондары: 8(7172)742029, 742468. 12. Көрсетілген талаптар бұзылып ресімделген құжаттар қабылданбайды.«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше