Туризм • 22 Қараша, 2024

Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Осы жылдың алғашқы 10 айында өңірге 1 млн 600 мың қонақ келген, деп хабарлайды, Egemen.kz

Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты

фото: gov.kz

- Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық. Осылайша Қазақстан шетелдік саяхатшылар үшін танымал бағытқа айналып келе жатыр, - дейді туризм саласына жауаптылар.

qazaqstan.tv. ұлттық арнасының жазуы бойынша, «eQonaq» жүйесінің мәліметіне қарасақ, 2024 жылдың 10 айында өңірге 111 мыңнан аса шетелдік аяқ басқан. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 73%-ға жоғары.

Мамандар мұндай өсімді елдің табиғаты мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Соның ішінде Ұлттық парктер аумағындағы тұмса табиғат саяхатшыларды өзіне баурап отыр.

«Іле-Алатау паркіне 790 мың, Көлсайға 363 мың,  Шарын ұлттық паркіне 120 мың халық келген. Туристер саны алдыңғы жылмен есептеп көрсек, екі есеге өсіп отыр », дейді Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мейрамбекұлы.