Спорт • Бүгін, 11:10

Қазақстан құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияда дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, жасөспірімдеріміз 2 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлделермен жалпыкомандалық есепте медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Нақты атағанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 кг) және Расул Мұқым (-81 кг) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 кг), Даниял Сейілхан (-50 кг), Алтынбек Қонысбай (-60 кг) күміс алды. Ал Нұрдос Досберген (-60 кг), Марғұлан Игілік (-60 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) үздік үштікке ілікті.

Дүбірлі додада 29 елдің 300-ге жуық жас дзюдошысы белдесті.