Тағайындау • Бүгін, 14:32

Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған қызметке бұған дейін Алға ауданының әкімі қызметін атқарған Нұрбол Ержанов  тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ол 1987 жылы дүниеге келген, білімі жоғары:

2008 жылы - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Электр энергетикасы»;

2010 жылы - Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану»;

2010 жылы - М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;

2019 жыл - Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік және халық шаруашылығы Ресей Академиясын «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «КазПромСтройГрупп» ЖШС менеджері болып бастаған.

2008 – 2009 жж. ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген.

2009 – 2014 жж. «КазПромСтройГрупп» ЖШС директорының орынбасары, «Үркін Мұнай» ЖШС директоры, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық - техникалық қамсыздандыру басқармасының іс жүргізу бойынша инспекторы, Астана қаласы бойынша Бас көлік прокуратурасының Ақмола көлік прокурорының көмекшісі, «Новая Эра» ЖШС директоры болған.

2014 – 2021 жж. Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру - бақылау бөлімінің бас маманы, тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қандыағаш қаласының әкімі, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Алға ауданының әкімі қызметін атқарған.