Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.