Қоғам • 26 Қараша, 2024

Елдің барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жұма, 29 қараша күні Қазақстанның барлық аумағында телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

Фото: gov.kz

Қазтелерадио хабарлағандай, үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

«2024 жылғы 29 қарашада сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қазақстанның бүкіл аумағында теле және радиоарналарды ретрансляциялау тоқтатылады», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоспарлы жөндеу жұмыстары 21 қарашада жүргізілген еді.