АСТАНА. 31 қаңтар. Бүгін Австралияның Сидней қаласында Азия Кубогы мәреге жетті. Финалдық матчта Австралия құрамасы Оңтүстік Корея командасын ұтып, Азия Кубогының жеңімпазы атанды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Кездесу «Эй-Эн-Зет» Олимпиялық стадионында өтті. Алаң иелері бірінші таймның соңында Массимо Луонгоның дәл соққысы арқылы есеп ашты. Алайда, корейлер ойыннан кейін қосылған бірінші қосымша минутта Сон Хюнь Миннің күш салуымен таразы басын теңгерді. Ал қосымша таймда австралиялықтарға жеңіс добын соғудың орайы келді. Оны Джеймс Троизи қақпаға жөнелтті.
Австралия құрамасы бірінші рет Азия Кубогы турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Бұған қоса, бұл елдің терме жамағаты екі бірдей конфедерацияның бас кубогын жеңіп алған бірінші жасақ болды. Бұған дейін «Соккеруз» Океания ұлттар Кубогы турниріне қатысып, оны 4 рет жеңіп алған еді. Бұлардың сапындағы шабуылшы Тим Кэхилл мен жартылай қорғаушы Марко Брешиано екі Кубокты да жеңіп алған ойыншылар болып отыр.
Мұның алдында, кеше Біріккен Араб Әмірлігінің құрамасы үшінші орын үшін таласта Ирак командасымен кездесіп, оны 3:2 етіп жеңген еді.
Дамир Қожамқұл.
Дерек: ras.kz.
Фото: Чемпионат.Ру.
Азия Кубогы. Финал
Оңтүстік Корея – Австралия 1:2 (негізгі уақыт – 1:1)
Голдар: Луонго, 45, Мин 90+1, Троизи, 105.