31 Қаңтар, 2015

Теннис. Серена Уильямс – Мария Шарапова 6:3, 6:1

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31-01-15-serena-uiljams-i-marija-sharapova-2

АСТАНА.31 қаңтар. Австралияның Мельбурн қаласында АҚШ теннисшісі Серена Уильямс ресейлік Мария Шарапованы екі сетті ұтып, Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Сөйтіп, әлемнің бірінші ракеткасы екінші ракеткасынан тағы да басым түсті.

31-01-15-australianopen-1

Бұған дейін бұл қарсыластар бір-бірімен 18 рет кездескен екен. Солардың 16-сында Серена жеңіске жеткен. Америкалық теннисші бұл жолы да шалттық танытты. Ол екі сетті 6:3, 6:1 есебімен өз пайдасына шеше білді. Ол Австралияның ашық біріншілігін ең соңғы рет 2009 жылы ұтып алған еді. Финалистерге соңынан жүлде тапсырылды. Мұның соңынан ерлердің жұбы финалдық айқас өткізді. Ерлер арасындағы финал ертең өтеді. Дамир Қожамқұл. Дерек: ras.kz. Фото: «Чемпионат.Ру».