АҚТӨБЕ. 30 сәуір. Ақтөбе облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылып, қайырымдылық акциялары өтуде. Осындай шараға Ақтөбе облысының судьялар қауымдастығы да атсалысып, «Ардағым – ардагерім» атты акцияны жүзеге асыруда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Бұған дейін де бірқатар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырған қауымдастық жақында тағы бір имандылық іске ұйытқы болды. Облыстың судьялар қауымдастығы атынан Қазақстан Республикасы судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Дәмеш Әбдәлі мен облыстық соттың кеңсе басшысы Әсет Мәмбетов Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың сіңлісі Әліп Үсенованың үйіне барып, келе жатқан мерекемен құттықтап, әпкесінің басына барып-келу үшін жол шығынына 200 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.
«Менің қазір жасым 75-те, қанша өмірім қалғанын Алла біледі. Сондықтан, соңғы рет әпкемнің басына барып, топырақ салсам, содан кейін тыныш ұйықтайтын боламын. Қазақтың батыр қызының рухына адалдық танытып, менің жағдайымды түсінгендеріңе мың да бір рахмет, өркендерің өссін», – деді Әліп апа ризашылығын білдіріп.
Әлия Молдағұлова 1943 жылдың тамыз айында майданға аттанып, екінші Балтық жағалауы майданындағы №22 армияның №54 арнайы атқыштар бригадасының құрамында соғысқан. Қазақтың қайсар қызы жау әскерінің 78-ден астам сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. Шығыстың қос шынарының бірі Әлия Молдағұлова ұрыста ауыр жарақат алып, 1944 жылдың 14 қаңтарында Псков облысының солтүстігінде қаза тапқан. Оған 1944 жылдың 4 маусымында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әлия есімімен ондаған көшелер, мектептер, әскери-теңіз флотының кемелері, Каспийде жүк таситын теплоход аталады. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосокольники қалаларында ескерткіштер мен мемориальдық тақталар орнатылған. Ақтөбеде Әлия Молдағұлова атындағы арнайы облыстық мемориальдық музей жұмыс істейді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 30 Сәуір, 2015
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың сіңлісіне көмек көрсетілді

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10