Фото: Ашық дереккөз
Әнші жаңа бейнебаянының үзіндісін Instagram парақшасында, ал толық нұсқасын YouTube арнасында жариялады.
«Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен бүгін мен сіздерге сағат 10:00 де YouTube-тағы парақшамда «Киелі мекен» әніне бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс менің Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған! Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық. Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін. Клип жайлы өз әсерлеріңізбен бөлісіңіздер және айналамызда әсемдік көп екенін ұмытпаңыздар!», деп жазды Димаш Құдайберген.
Жаңа бейнебаянда Қазақстанның көрікті жерлеріне ерекше назар аударылған. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.
Айта кетейік, түсірілім Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары туризм басқармаларының, сондай-ақ «Visit Alatau» және «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталықтарының, «Capтас» орталығының, «Air Astana» және «FlyArystan» авиакомпанияларының, «Karavansaray Turkistan» кешенінің, «Visit Aktay» және «Іntegra Construction KZ» компанияларының қолдауымен өтті.«Біз Димашқа елімізді шетелде дәріптеуге қосып жүрген баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Ол туризмнің алғашқы елшісі болып, әрбір қолайлы жағдайда шетелдік аудиторияны Қазақстанға келуге шақырады. Миллиондаған тыңдаушылар Димаштың шығармашылығы арқылы біздің елмен кеңінен танысады. Жаңа бейнебаян - Қазақстанның әдемі табиғаты мен бай мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетуге деген ортақ ұмтылысымыздың нәтижесі. Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бірегей локациялардан шабыт алып, елімізді өздері үшін ашатынына сенімдіміз», деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.