Фото: Qazsporttv
10 жасқа дейінгілер арасында Аланна Берікқызы топ жарды. Еске салайық, ол былтыр Грекияның Родос қаласында 9 жасқа дейінгілер санатында классикалық шахматтан әлем чемпионы атанған еді.
Ұлдар арасында (U12) Марк Смирнов ең көп ұпаймен бас жүлдеге қол жеткізді.
Тағы бір отандасымыз Ханзада Аманжол 12 жасқа дейінгі санат бойынша жеңіс тұғырында 2 орыннан көрінді.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 77 елден жас шахматшылар жиналған жарыста Қазақстан командасы 2 алтын және 1 күміс жүлделермен жалпы командалық есепте 1-орын алды.