Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
28 қарашада Астанада Беларусь мемлекетінің басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.
Ел басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар 28 қарашада Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді.