Форум • Бүгін, 08:23

Өңірлерде өткен IT-форум

21 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Семей, Петропавл қалаларында облыс­тық IT-форумдары өтті. 3 мыңнан астам қа­ты­­­сушы жинаған бұл іс-шара өңірлерде цифр­лық трансформацияны қолдау мен тәжі­рибе алмасудың алаңына айналды.

Өңірлерде өткен IT-форум

Сурет: astanahub.com

Форум барысында қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллект, киберқауіпсіз­дік, үлкен деректер және мемлекеттік құрылымдарда технологияларды қолдану сияқты маңызды тақырыптарды талқылады. Қонақтардың ерекше қызығушылығын оятқан стартаптар аллеясында жас компаниялар инновациялық жобаларын ұсынып, инвес­торлармен танысып, менторлардан құнды кеңес алды. Сонымен қатар бизнес-үдерістерді авто­маттандыру және агротехнологияларға жасанды интел­лектіні енгізу саласында маманданған қос­та­найлық «Aitomaton» стартабы мен жас­­та­р­ға арналған тағылымдамалық бағ­д­ар­­ламалар ұсынатын шымкенттік «Amanbay Tech» стартабы таныстырылды.

«Өңірлердегі цифрландыру форумдары Қазақстандағы IT-саланың қарқынды дамуы мен елдің цифрлық трансформациясында шешуші рөл атқарып отырғанын айқын көрсетті. Бұл іс-шаралар өңірдегі стартаптардың өсуіне ықпал етіп, IT-нарықтағы негізгі ойыншылармен байланыс орнату алаңына айналды. Өңірлерден бас­тау алған бастамалар қазірдің өзінде елдің экожүйесіне оң ықпалын тигізіп, цифрлық Қазақстанның дамуына үлес қосып отыр. Біз жас таланттардың табыста­рын мақтан тұтып, оларды жаңа жетістік­тер­ге жету жолында қол­дауды тоқ­татпаймыз», деді «Astana Hub» басқарушы директоры Дания Ахметова.

Форум аясында IT-мек­теп­тердің көрмелері, ойын әзірлеу, жасанды интеллект және мобилография бойынша воркшоптар ұйым­дас­тырылды.

Сондай-ақ «Grand Mobile» мобильді ойы­ны­ның авторы Роман Линейцев туған қаласы – Өскемендегі фо­румға қатысып, сөз сөй­леді. Туған жері мен форум­ның ерекше атмосферасынан шабыт алған ол «Oskemen Hub»-та өткен хакатонның жүлде қорын екі есе арттырып, өңірдің экожүйе­сіне маңызды үлес қосты. «Туған жерімізді ұмытпай, өз жолын бастаған жастарға қолдау көрсету маңызды. Бұл жерде мықты әлеует бар екенін байқадым», деді Р.Линейцев.

Бір сөзбен айтқанда, облыстық IT-форумдары жергілікті әзірлеушілермен қатар ірі технологиялық компаниялар мен IT саласының жетекші маман­да­рының қызығушылығын тудырды. Әлемге танымал компания өкілдері облыс орталықтарында тәжірибе алмасып, воркшоптар мен тренингтер өткізіп, гранттық қолдау бағдарламасын ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Береке белсендіге бітеді

Кәсіпкер • Бүгін, 09:30