Университет • Кеше

«World TVET League» құрамына енді

42 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті елімізде алғашқылардың бірі болып Дүниежүзілік техникалық және кәсіптік білім лигасына мүше болды.

«World TVET League» құрамына енді

Университет делега­ция­сы, басқарма төр­аға­сы – ректор Сәуле Рах­ме­туллина, ғылым және инно­ва­циялар жөніндегі прорек­тор Жадыра Қоңырбаева, акаде­мия­лық мәселелер жөніндегі про­ректор Әсия Машекенова Қы­тай­дың Тяньцзинь қаласында өткен «World TVET League»-дің алғашқы Бас ассамблеясы мен Дүниежүзілік техника­лық және кәсіптік білімнің дамуы жөніндегі конференцияға қатысты. Ауқымды іс-шара кә­сіби білімдегі инновациялық тә­сілдер мен үздік тәжірибелер­ді талқылауға арналған халық­аралық алаң ұсынды. ШҚТУ өкіл­дері конференцияда жоғары техникалық және кәсіптік бі­лім­ді дамытудағы университет­тің жетістіктерін таныстырып, саладағы жаһандық серіктестік­ке үлес қосты. Бұл қадам ШҚТУ-­дың білім сапасын жаңа дең­гей­ге көтеріп, әлемдік деңгей­дегі серіктестіктерді нығайтуға ба­ғытталған стратегиялық жос­пар­ларының маңызды бөлігі болып отыр.

«Біз үшін елімізді әлем­­дік білім платформа­сын­да ұсыну – үлкен құрмет. «World TVET League»-ке қа­тысу универ­ситетіміздің білім үде­рі­сіне ең үздік халықаралық тәжі­рибелерді енгізуге, сондай-ақ осы тәжірибелерді негізге ала отырып, жоғары білім сапасын жақсартуға көмектеседі», деп атап өтті ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина.

Шығыс Қазақстан техникалық университеті «World TVET League»-ке қатысу арқылы ха­лық­аралық ынтымақтастық­тың жаңа кезеңіне қадам басты. Еңбек нарығындағы жаһандық өзгерістер білім жүйесін жаңа­ша бейімдеуді талап етеді. Ал лига аясындағы серіктестік университетке бұл міндетті тиімді орындауға мүмкіндік береді. ШҚТУ осы ынтымақтастық ар­қылы жаңа білім технологияларын енгізуді және халықара­лық байланыстарды нығайтуды көздейді. Бұл – ШҚТУ үшін ғана емес, еліміздің білім жүйесі үшін де маңызды жетістік. «World TVET League»-мен серіктестік орнату еліміздің еңбек нары­ғын­дағы жаһандық сұраныстарға бейімделу қабілетін арттырады деген сенім мол.