30 Сәуір, 2015

Алматыда мотоцикл қаққан әйел қаза болды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30.04.2015-motosikul 0003АСТАНА. 30 сәуір. Алматыда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді мотоцикл қағып, жәбірленуші оқиға орнында қаза болды. Бұл туралы radiotochka.kz хабарлады. Оқиға куәгері Бақытжан Бұқарбай есімді азамат әлеуметтік желідегі өзінің пақашасына: «Мен жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді мотоциклдің қалай қаққанын көрдім. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік оны 40-50 метр қашықтыққа ұшырып жіберді. Жәбірленушінің жол апатынан кейін тірі қалуы екі талай», – деп жазған. Тағы бір деректе, мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қаққаннан соң өзі қарсы бағытқа шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа құлаған делінген. 30.04.2015-motosikul 0004jpg Айта кетейік, жол апаты салдарынан 48 жастағы Алматы қаласының тұрғыны қаза тапса, 24 жастағы жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның салдарын анықтауға кірісті. Әзірге белгілісі, қаза тапқан тұрғын Батырхан Шөкеновке арналған еске алу кешіне қатысып, үйіне қайтып келе жатқан деген болжам бар. Талғат Райымбек. Дерек: radiotochka.kz. Сурет: zakon.kz. 30.04.2015-motosikul 0002 30.04.2015-motosikul 0005jpg 30.04.2015-motosikul 0001