Форумда демократия мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтудағы мәслихаттардың рөлі аталды. Халықпен қарым-қатынасты нығайтуда, ел ішінде қордаланған мәселелерді жергілікті билікке жеткізуде депутаттардың атқаратын қызметі де шет қалған жоқ. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың құрылуы – еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды белестерінің бірі екені даусыз. Халық пен билік арасындағы «алтын көпір» болған бұл мемлекеттік институт елдік мүдде жолында өзінің тиімділігін көрсетіп келе жатыр.
«Абай елі қайта түлеп, еңсе көтергенде де, біздің депутаттық корпус өзінің саяси белсенділігі мен жауапкершілігін көрсете білді. Орайы келгенде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан барша депутаттарға шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді», деді жиында сөз алған өңір басшысы Нұрлан Ұран-
хаев.
Форум барысында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қарапайым халықтың алғысына бөленген депутаттар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, министрліктердің, сондай-ақ облыс әкімінің және облыс мәслихаты төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғысхаттары табысталды. Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан депутаттарға арнайы марапат – «Құрметті депутат» атағы берілді.
Семей