30 Сәуір, 2015

«Президентті ұлықтау - ел өміріндегі айрықша оқиға»

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30.04.2015 SKO jpgПЕТРОПАВЛ. 30 сәуір. Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Иванович Зенченко  Тәуелсіз еліміздің тарихындағы барлық ұлықтау рәсімдеріне қатысқанын ерекше мақтаныш етеді.   Оның есінде  1991 жылы  10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өткен Қазақстан Президентінің тұңғыш ант беру рәсімі ұмытылмастай қалыпты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ол уақытта  Мемлекет Басшысы  сайлаушылардың 98,7 дауысын жинап,  жалпыхалықтық қолдауға ие болған еді.  Бұл жолғы инаугурация–тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бесінші ұлықтау рәсімі. Бәрінде  де Нұрсұлтан Әбішұлының сыралғы серігі, үзеңгілес досы ретінде сенімді өкілі болу бақыты бұйырды».–дейді даңғайыр  диқан, тәжірибелі басшы ағынан жарылып. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында сайлаушылардың 97,75 пайыз дауысын жинап, қайта сайланған  Елбасының  Қазақстан халқына ант беру ел өміріндегі айрықша  оқиға екенін атап көрсетті. Осы сәттен бастап ресми қызметіне кіріскен Президенттің  халқыма бұрынғыдай адал қызмет етіп, елім мен ұлттық мүддемізді қорғаймын деген  мәлімдемесі бәрімізге қанат бітіріп, ерекше жігер  берді.  Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін, тұрақтылығымыздың  діңгегі саналатын  бес қағидатты жариялап,  сырттан төнетін  қауіп-қатерлерге қарсы  сақтық шараларын күшейтуді міндеттеді. Ішкі жағдайымыз жақсарып, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігі артатын болса, меммлекеттігіміз де кемелдене түсері даусыз,–дейді Геннадий Иванович. Оның  мәлімдеуінше, алдағы жылдар  Тәуелсіздігіміздің тамаша табыстарын одан әрі  еселей түсіп, өзгерістер дәуіріне  жол ашатын болады. Өмір Есқали.    Дерек: egemen.kz Сурет: Талғат ТӘНІБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар