Елордалық «Астана» командасы УЕФА Конференция лигасы аясында төртінші ойынын өткізіп, қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Өз алаңында португалиялық «Витория» командасымен кездесіп, тең тарқасты.
Алматының Орталық стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Бранимир Калаица 40-минутта гол салса, 89-минутта «Витория» ойыншысы Хесус Рамирес мергендік танытып, есепті теңестірді. Осылайша, «Астана» клубы қолда тұрған жеңістен соңғы минуттарда айырылып қалды.
Айта кетейік, енді «Астана» командасы 12 желтоқсанда Алматыда «Челсиді» (Англия) қабылдайды.