Саясат • Бүгін, 09:17

БАӘ Ұлттық күніне арналған іс-шараға қатысты

19 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Спикер жиналған қауымды мерекемен құттықтап, достас Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.

БАӘ Ұлттық күніне арналған іс-шараға қатысты

Ерлан Қошанов өз сөзінде Бірік­кен Араб Әмірліктері халық­аралық қауымдастықта беделі зор, экономикасы қарыштап дамыған мемлекеттердің көш басында тұрғанын атап өтті.

Кейінгі жылдары баламалы энергетика, жасанды интеллект, туризм мен қаржы саласында ауқымды реформаларды жүзеге асырып, дүние жүзіндегі озық технологиялардың орталығына айналғанына ерекше назар аударды. Осы тұрғыда Әмірліктер­дің атом энергетикасындағы тарихи жеңісімен, атап айтқан­да, «Барака» атом электр стансасы­ның толық іске қосылуымен құттықтады.

– Бүгінде Әмірліктер – Қазақ­­­­стан­ның ислам және араб әлеміндегі аса маңызды серіктесі. Біз – рухтас, қанаттас елдерміз. Көш­басшыларымыздың арасын­дағы берік байланыс, мызғы­мас достық арқылы екіжақты қарым-қатынасымыз жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Был­тыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми және жұмыс сапармен екі рет барды. Қазір­гі күрделі геосаяси жағдайда ынты­мақ­тастыққа тың серпіліс беру тұрғы­сынан бұл сапарлардың тарихи мәні зор, – деді палата төрағасы.

Мәжіліс спикері екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің әлеуеті зор екенін айтып, пар­ламентаралық байланысты одан әрі нығайтуға шақырды.

– Қазіргі уақытта жаңарты­латын энергетика, көлік-логис­тика, жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар, жылжымайтын мүлік, білім беру және тағы да басқа бағыттарда бірлескен серпінді жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі де бірегейі – алыстан көз тартып тұрған «Абу Даби Плаза» кешені Орталық Азия аумағындағы ең биік ғимарат ретінде елорда мақ­танышына айналды. Бұл – Қазақстан мен Әмірліктер ара­сын­дағы достықтың рәмізі іспетті, – деді Мәжіліс төрағасы.