02 Ақпан, 2015

Атырауда бұрынғы лауазым иелерінің шағымдары қаралып жатыр

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_6852АТЫРАУ. 2 ақпан. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Атырау облысы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерге қатысты шығарылған сот үкімімен келіспей, берілген барлық апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарауды бастады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот мәжілісі сотталғандар мен олардың қорғаушылары және жәбірленушілердің қатысуымен өткізілуде. Олардан басқа, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық ұйым өкілдері сыйымдылығы 50 адамдық арнайы бөлмеге орналастырылды. «Оларға өз жұмыстарын жедел және ыңғайлы атқару үшін үлкен экранды мониторлар, принтер және сымсыз интернет жүйелері ұсынылды», деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: Атырау облыстық соты. IMG_6729 IMG_6842