Қылмыс • 29 Қараша, 2024

Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді

Фото:

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.