Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құруға арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жүзеге асыру мақсатында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын мәлімдеді.
Комиссияны Премьер-Министр К.Мәсімов басқарады, орынбасары Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин болады.
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, біртектілік және бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева басқарады.
Сондай-ақ, комиссия құрамына шетелдік консультант ретінде «Назарбаев Университеті» АБҰ президенті Ш.Катсу кірді.
Мемлекет басшысы Үкімет құрамы сақталатынын айтты.
– Олардың бәрі осы құрамда ынтымақпен жұмыс істеді, қойылған міндеттерді орындай алды. Мен ешқайсысын да алмастыру қажеттігін көріп тұрған жоқпын, сондықтан жұмыстарын жалғастыратын болады, – деді Қазақстан Президенті.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше