Заң • Бүгін, 15:45

Жоғарғы сот жалғызбасты ананың құқығын қорғады

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылы 9 жастағы ұлына алимент төлеуге міндетті болған семейлік пен жеке сот орындаушының заңсыз әрекеті анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Жоғарғы сот жалғызбасты ананың құқығын қорғады

Фото: Қызылорда соттары

2022 жылы 500 теңге алимент берешегіне байланысты есепшоты бұғатталған тұрғынның шотын ЖСО шешім шыққан күннің ертеңіне бұғаттан ашқан. 

Алимент сомасы 2023 жылдың маусым айында 890 мың теңгеден асып кеткен. Алиментті талап еткен азаматтың арызын жоғарғы сот қарап, пайдасына шешті. Істі қарау барысында борышкердің 2023 жылдың қаңтар - маусым аралығында 2,3 млн теңге табысы болғаны банк анықтамалары арқылы белгілі болды. 

«Жоғарғы Сот сот актілерін қолдай отырып, жеке сот орындаушысының қызметтік міндеттерін асыра пайдалану мен немқұрайлылық таныту фактілерін елемеуге, талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол берілмейтінін көрсетті. Сот ЖСО-ның Республикалық палатасына анықталған ЖСО заңдылығын бұзушылықтар бойынша олардың болашақта қайталануына жол бермеу шараларын қолдану үшін ұйғарым жіберді», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.