01 Мамыр, 2015

Шын жүректен шыққан сөз

500 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
55-үлкен Қазақстан Президенті атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық және отандық компаниялардың басшыларынан, өнеркәсіп, қаржы, білім, мәдениет саласының өкілдерінен, сондай-ақ қарапайым азаматтардан құттықтау хаттар легі жалғасуда. Мәселен, Дүниежүзілік туристік  ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаи Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі жаңа президенттік мерзім кезінде ұйым мен Қазақстанның арасындағы тығыз әрі достық қатынастарды әрі қарай дамытуға серпін беретініне сенім білдірген. «Сіздің туризм саласына көр­сеткен қолдауыңыз Қазақстан Үкі­меті елді жаһандық туристік аре­нада мықты брэнд ретінде таны­туға айрықша маңыз беретінін аң­ғартады», – делінген жеделхатта. ТМД Атқару комитетінің төра­ғасы – атқарушы хатшы С.Лебедев Нұрсұлтан На­зарбаевтың Мемлекет басшысы лауа­зымындағы қызметі Қазақстанға сая­си және әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірген. «ТМД-ның бақылаушылар мис­сиясының басшысы ретінде мен ел азамат­тарының басым көпшілігінің Сізге деген сенімі жоғары екеніне анық көз жеткіздім. Алысты көздеген страте­гияның жүйелі жүзеге асырылуы арқасында Қазақстан таяу және алыс шетелде мойындалған беделге ие, оның халықаралық аренадағы белсенділігі мен рөлі үздіксіз өсіп келеді», – делінген жеделхатта. ТМД Парламентаралық ассам­блея­сы­ның ұжымы мемлекетаралық дос­тық байланыстар мен ұйым­ға мүше елдердің өзара сенімін нығайтудағы Қазақстан Прези­дентінің бұдан арғы қызме­тінің де жаңа табыстармен айшықтала­тынына сенім білдірген. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Терроризмге қарсы орталығының жетекшісі А.Новиков Қазақстан қоғамының батыл да қарқынды ілгерілеуі, елде кең ауқым­ды реформалар мен өзгерістердің табыс­ты жүргізілуі, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатының артуы Қазақстан Прези­дентінің есімімен байланыстырылатынына назар аударған. «Бүгінде Қазақстан – қуатты, өркендеу үстіндегі, тәуелсіз мемлекет, бұл – лайықты түр­де нағыз Ұлт Көшбасшысы мәртебесін өзіңізге алып берген Мемлекет басшысы қыз­­метіндегі Сіздің көпжылдық жемісті жұ­мы­сыңыздың нәтижесі», – деп жазылған жеделхатта. Түркітілдес елдер ынты­мақ­тастық кеңе­сінің бас хатшысы Р.Хасанов Қазақ­стандағы Президент сайлауына Түркі кеңе­сінен қатысқан байқаушылар делегациясы оның ашық және демократиялық нормаларға сай болғанын мойындағанын айтты. «Сіздің жеңісіңіз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл түркі әлемін қуанышқа бөлеп отыр», – делінген жеделхатта. Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили Грузия Үкіметі мен жеке өзі­нің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты пре­зи­денттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Қазақстан халқының жеке Сізге көр­сеткен жаппай қолдауы – бұл тұрақтылық пен әрі қарай жаңғырудың пайдасына жа­салған таңдау. Қазақстан Сіздің дана бас­шылығыңыз арқылы жаһандық және өңірлік  экономикалық сілкіністердің осы бір күрделі кезеңінде дамудың жаңа биік­теріне шығатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта. Германияның бұрынғы вице-канцлері және сыртқы істер министрі Г.Вестервелле Қа­зақстанның табысқа жететініне жә­не Нұр­сұлтан Назарбаев қойған ұлы мақ­сат­тар­ды жүзеге асыратынына сенетінін айт­қан. «Өзіңізге жүктелген теңдессіз міндетті орындау үшін Сізге күш-қуат тілеймін. Сын-қатерлермен күресте баға жетпес дана­лығыңыз бен беделіңіз, ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз Сізге қолдау бо­ла­тынына күмәнім жоқ»,  – делінген құт­тықтауда. Германияның бұрынғы федералды сырт­қы істер министрі Х.-Д.Геншер Нұр­сұл­тан Назарбаевты қайта сайлануы­мен құт­­тықтап, Мемлекет басшысы лауазымын­да батылдық және жаңа табыс­тар, ал Қа­зақ­стан халқына бақытты да тату болашақ тілеген. Ресей Федерациясы Федералдық Жи­на­лысының Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевқа көр­сетілген жалпы ұлттық сенім мемле­кеттің ішкі және сыртқы саясаты кең ау­қымды қолдауға ие екенін көрсетіп, ел Пре­зи­дентінің беделі жоғары екенін тағы да дәлелдегенін айтады. «Федерация Кеңесіндегілер Қазақстан мен Ресейдің одақтастық серіктестігі мен ықпалдастық іс-қимылын нығайтуға Сіздің қосқан зор үлесіңізді бағалайды. Қазақстан-Ресей көпқырлы ынтымақтастығы, соның ішінде парламенттік деңгейдегі байланыс­тар алдағы уақытта да достас елдеріміздің игілігі үшін дами беретініне сенімдімін», – деп жазады В.Матвиенко. РФ Федералды жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы С.Нарышкин Қа­зақстан халқы негізінде мемлекеттілікті ны­ғайту мен өмірдің барлық саласындағы тү­бірлі өзгерістер жатқан ел дамуы бағы­тының дұрыстығын тағы да қолдағанын айтады. Ол сондай-ақ ММУ қабырғасында Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяның  екі ел үшін маңыздылығын атап айтқан. Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті М.Шаймиев Нұрсұлтан Назар­баевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, бауырлас екі ел арасындағы байырғы тарихи достықты нығайту ісіндегі қолдауы үшін алғыс айтты. «Сізге Қазақстан халқы айнымай көрсетіп келе жатқан сенім – ел игілігі жолындағы саяси табыстылықтың, эко­номикалық және қоғамдық қайрат­керліктің, өз халқыңыз бен туған жеріңізге әрқашан адал қызмет етіп келе жатқаныңыздың дәлелі», – делінген құттықтауда. Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров Қазақстан мен Ингушетия халықтарының арасында қалыптасқан бау­ыр­ластық қарым-қатынастар бұдан әрі де нығайып, дами беретініне сенім білдірген. «Сіздің сайлаудағы кезекті жеңісіңіз Қазақстан халқының өзіңізге деген нық сені­мін көрсетеді, жоғары беделіңіздің, кәсі­би­лігіңіздің және өкілеттілігіңіздің мойын­дал­ғанын, биік парыз бен жауапкер­шілікті айғақтады. Бүгінде республика тұр­ғындары бейбітшілікке, тұрақтылық пен ба­қуаттылыққа деген үміттерін Сіздің есіміңізбен байланыстырады және әлеумет­тік-экономикалық жаңғырулардың жалға­сатынына сенеді», – делінген құттықтауда. Дағыстан Республикасының басшысы Р.Абдулатипов бүкіл дағыстан халқының атынан Мемлекет басшысын лауазымына кірісуімен құттықтады. «Сіздің есіміңізбен Қазақстан Республикасының тәуелсіз даму кезеңіндегі мемлекет құрудағы ғажап табыстары, айтарлықтай экономикалық ілгерілеуі мен дамуы, ел азаматтарының әл-ауқатының артуы ажырағысыз байланыс­ты», – деп атап өткен ол өз құттықтауында. Ресей Федерациясы Тюмень облысының губернаторы В.Якушев Қазақстан Пре­зи­дентін өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, оның нәтижесі ел халқының жоғары сенімінің, мемлекетті дамытудағы еңбегін мойындаудың көрсеткіші екенін атап өткен. «Басшы ретіндегі даналық пен дарын Сізге алда да өз еліңізді өркендетуге кө­мектеседі, сондай-ақ Ресей-Қазақстан ынты­мақтастығының бұдан әрі нығаюына септі­гін тигізетін болады», – дейді В.Яку­шев. Астрахань облысының губернаторы  А.Жилкин сайлаушылардың басым көпшілігі арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілген жоғары сенім Қазақстан халқы елдің әрі қарай дамуына қатысты үмітін тек Мемлекет басшысының есімімен байланыстыратындығының айғағы екенін атап өткен. «Біз Сіздің Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сізге Каспий өңіріндегі ынтымақтастықты дамытуға байланысты мәселелерге ұдайы көңіл бөлетініңіз үшін айрықша ризашылығымды білдіргім келеді, бұл өңірде Астрахань облысы үшін Қазақстанмен шекаралық ықпалдастықтың көптеген бағыттары бар», – деп жазады автор. Мемлекет басшысының атына құт­тық­тауын жолдаған Пенза облысының губернаторы В.Бочкарев те Қазақстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тілеген. Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев Қазақстан Республикасының игі­лігіне жұмсалған күш-қуат пен мақ­сат­керлік ел халқының өсіп-өркендеуі мен бақуат тұрмысына орасан зор үлес қос­қанын атап өткен. «Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Сіз­дің жетекші әрі көшбасшы ретіндегі биік беделіңізді, сондай-ақ Сіздің басшы­лы­ғыңыз­бен ел көптеген жылдар бойы жүріп келе жатқан бағыттың дұрыстығын тағы да қуаттады. Біз қалыптасқан жақсы және сын­дарлы қарым-қатынасты жоғары бағалай­мыз, оның болашақта нығайып, дамуына үміт артамыз», – делінген жеделхатта. Кемеров облысы губернаторының міндетін атқарушы А.Төлеев Қазақстан халқының Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауы Қазақстанның қарқынды әрі үдемелі даму жолымен ілгерілеуіне, демократиялық құқықтық мемлекеттілікті және ұлтаралық келісімді жетілдіруіне септесетінін атап өткен. «Біздің елдеріміздің халқы ең ізгі үміттері мен мұң-мұқтажын байланыстырып отырған еуразиялық интеграция­ны ны­ғайту жөніндегі Сіздің мызғымас ұста­нымы­ңыз айрықша алғысқа лайық», – деп жазады А.Төлеев. Моңғолияның Баян Өлгей аймағының губернаторы Х.Дәрмен Нұрсұлтан На­зар­баевтың Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегін жо­ғары бағалайтынын айтқан. «Тәуелсіз Қазақстан Нұрсұлтан Назар­баевпен бірге жаңа биіктерді еңсеріп, әлем­нің дамыған 30 мемлекеті қатарына қосы­ла­тынына сенімдімін», – делінген жеделхатта. «Роснано» ААҚ басқармасының төр­ағасы А.Чубайс сайлау нәтижесі республика халқы тарапынан Мемлекет басшысына де­ген жоғары сенімнің даусыз дәлелі екенін айтады. «Русал» компаниясының президенті О.Дерипаска Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­си басшылығының жаңа кезеңі инсти­ту­циональдық реформалар жүргізу, Қазақстан экономикасын әртараптандыру, әлеуметтік міндеттерді орындап, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына тезірек ену жө­ніндегі өршіл жоспарларды орындау ісіне бұрынғыдан да тереңірек ден қоюға мүмкіндік беретінін айтады. «Қазақстанды тәуелсіз, егемен мемлекетке айналдыру жөніндегі көпжылдық ға­ламат жұмысты атқара отырып, Сіз Ұлт Көшбасшысы атану құқығына әбден лайық бола алдыңыз», – делінген хатта. Қытай ұлттық мұнай-газ корпорация­сы директорлар кеңесінің төрағасы Чжоу Цзипин Қазақстан Президентінің екі ел арасындағы энергетикалық ынты­мақ­тас­тыққа көңіл бөліп, жан-жақты ықпал еткен­дігінің арқасында елеулі нәтижелерге қол жеткізілгенін айтады. «Қазақстандық серіктестерімізбен бір­лесе отырып, біз алда да елдеріміздің эко­но­микалық дамуына лайықты үлес қосу және екі халықтың әл-ауқатын арттыру ісіне барлық күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз», – деп жазады автор. «Шеврон» корпорациясының бас ат­қа­рушы директоры Д.Уотсон Қазақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа деген стратегиялық көзқарасы мен елдің үздіксіз өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі алысты көздеген жоспарларын толық қол­дайтындарын айқын ұғындырғанын айтады. «Біздің компания Қазақстан Респуб­ли­касымен орнатқан серіктестігімізді жоғары бағалайды. Біз үшін елдің энергетика саласын дамытуға және  Қазақстанның – әлемді мойындатқан мемлекеттің экономикалық ілгерілеуіне ықпал ету зор мәртебе әрі ар­тық­шылық болып саналады», – делінген құт­тықтауда. Немістің  «Rheinmetall» компаниясының басқарма төрағасы Армин Пеппергер ұжым­ның және жеке өзінің атынан Қазақстан Пре­­зидентін сайлаудағы жеңісімен құттық­тайды. «Сіздің ұзақмерзімді болашақа межеленген елді жаңғырту жөніндегі стра­те­гиялық жоспарларыңызды қолдай отырып, біз Қазақстанның өнеркәсіптік және мемлекеттік ұйымдарымен қарым-қатынас­тарымызды одан әрі дамыта беретінімізге қуаныштымыз», – делінген жеделхатта. «Spring Singapore» компаниясының төрағасы Филипп Йео сайлаудың керемет нәтижесі Қазақстан халқының өз Пре­зи­дентінің көшбасшылығына деген зор сені­мін көрсететініне назар аударған. Швейцариялық «Mountain Partners» ком­паниясының бас директоры К.Берш өз құт­тықтауында елді өркендеуге бастап келе жат­қан тағдыршешті шешімдері үшін Қа­зақ­стан Президентіне ризашылық білдіреді. «Банк ВТБ» ААҚ басқармасының пре­зи­дент-төрағасы А.Костин ұжымның және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Мемлекет басшысы лауазымына сайлануымен құттықтаған. «Сіздің жоғары мемлекеттік лауа­зым­дағы серпінді әрі жемісті қызметіңіз, саяси даналығыңыз бен тәжірибеңіз елді әлеу­меттік-экономикалық дамыту бағытында кең ауқымды қолдауды қамтамасыз етеді. Сізге мықты денсаулық, күш-қуат, оптимизм тілеймін, ел игілігі жолындағы жасам­паз жұмысыңыз  жемісті болсын», – делінген құттықтауда. «Ротшильд Европа» банкінің вице-төрағасы К.Мангольд Нұрсұлтан Назар­баевтың тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін тұрақтылық пен сабақтастықтың кепілі болып саналатынын атап өткен. «Сіздің тұлғалық болмысыңыз бақуат­тылықтың, Қазақстан халқының пайдасы үшін үздіксіз өсіп-өркендеудің ныша­нын аңдатады. Сайлаудың адам таңға­ларлық нәтижесі халқыңыздың Сізге және бүкіл Қазақстанның орнықты да табыс­ты болашағын қамтамасыз ететініңізге қаншалықты риясыз сенетінін көрсетеді», – делінген хатта. «Дойче Банк» басқарушы директоры, Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі бас атқарушы директоры П.Тильс сайлау нәтижелері Мемлекет басшысы  жүр­гі­зіп отырған саясатты халық кеңінен қол­дайтынын көрсеткеніне тоқталған. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Ки­рилл Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері бұрынғысынша елді әлеуметтік-эконо­микалық дамуға, халқының рухани саулығын қамтамасыз етуге бағытта­ла­тынына сенім білдірген. «Қазақстанның саясатында этносаралық және конфессияаралық дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруға айрықша орын берілгені қуантады, – деп жазады автор. Бас мүфти, Ресей мұсылмандары орта­лық діни басқармасының төрағасы Т.Тад­жуддин Қазақстан әлеуметтік-эконо­ми­калық жаңғыру деңгейі жағынан көшбас­шылар қатарына қосылғанын атап өткен. «Сіздің дәстүрлі бауырластық пен ынты­мақтастықты, этносаралық және кон­фессияаралық байланыстарды нығайтуға, елдеріміздің рухани-адамгершілік құнды­лықтарын сақтау ісіне қосқан үлесіңізге баға жетпейді», – делінген жеделхатта. Ресей мүфтилер кеңесінің төра­ғасы, Ресей мұсылмандары діни басқар­масы­ның төрағасы  Р.Гайнутдин де қазақ­стандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімі оның Қазақстанның даму бағытын анықтап, қоғам мен мемлекеттің қол жеткізген елеулі табыстарына берілген жоғары әрі әділ баға екеніне сенім білдірген. Жылы лебізді құттықтау Ресей көр­­кем­өнер академиясының прези­денті З.Церетелиден келіп түсті. «Даусыз беделіңіз, биік кәсіби дең­гейіңіз, сарқылмас күш-қуатыңыз, сон­дай-ақ орасан мол саяси және өмірлік тәжірибеңіз Сізге ауқымды мемлекеттік мін­деттерді табысты іске асыруға мүм­кіндік береді. Тамаша дипломат, тәжірибелі басшы және мәдениеті жоғары адам ретінде Сіз ХХІ ғасырдың күрделі проблемаларын шешу ісіне зор үлес қосып келесіз», – делінген жеделхатта. С.А.Герасимов атындағы Бүкілресей­лік мемлекеттік кинематография универ­ситетінің ректоры В.Малышев Нұр­сұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген табыстары бүкіл әлемде зор құрмет пен  ризашылық сезімін тудырып отырғанына тоқталған. «Кинематография мен білім беру саласында елдеріміз арасындағы ынты­мақтастықтың дамуына көңіл бөліп отырғаныңыз үшін мен ресейлік кинематографист ретінде Сізге зор ризашылығымды білдірмей тұра алмаймын. Сізге шын жүректен мықты денсаулық, мемлекеттік қызметіңізге  жаңа табыстар, ал Қазақстан халқына күш-қуат пен бақ-береке тілеймін», – деп жазады автор. Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий жеке өзінің және ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтаған. «Сіздің сапарларыңыз пен сөздеріңіз университет тарихына алтын әріптермен жазылған. Біз сіздің ММУ-ге деген көзқарасыңызды жоғары бағалаймыз және оның төрінен Құрметті доктор әрі профессор – Сізді көруге әрқашан ықыластымыз», – деп жазады автор. Нұрсұлтан Назарбаевқа Испания Корольдігінің экс-Премьер-Министрі Х.Аснар, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөнін­дегі басқармасының атқарушы директоры Ю.Федотов, Қырғыз Республикасының Қа­зақстандағы елшісі Э.Өмірәлиев, Еуро­палық қайта құру және даму банкінің экс-президенті Т.Миров, Моңғолия бей­бітшілік және достық ұйымының мүшелері, Германия бундестагының депутаты Ф.Миссфельдер құттықтауларын жолдады. Жылы лебізді хаттар мен құттықтау жеделхаттары Ресей Федерациясынан: Ресей ғылым академиясының прези­денті В.Фортовтан, Қара теңіз эконо­ми­калық ынтымақтастығы жөніндегі Ресей Ұлттық комитетінің төрағасы В.Архи­повтан, Халықаралық балалар қор­лары қауымдастығының президен­ті, Ресей балалар қорының төрағасы А.Ли­ха­новтан, Халықаралық ақпарат­тандыру академиясының президенті В.Набатни­ковтан, Халықаралық инженерлік акаде­мияның президенті Б.Гусевтен келді. Ресей Федералдық Жиналысы Мем­ле­кеттік Думасының депутаты, ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандас­тармен байланыс комитеті төрағасы­ның бірінші орынбасары О.Лебедев, Ха­лықаралық өнеркәсіпшілер мен кәсіп­керлер конгресінің президенті В.Глухих, Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналыс-құрылтайының депутаты М.Васильев, Мәскеу қаласындағы «Қазақ кү­ресі» федерациясының президенті В.Резанов, Ресей техникалық жоғары оқу орындарының тарих пәні оқытушылары, Мемлекет басшысының Мәскеудегі курстас­тары мен оқытушылар, Троицк қаласынан  Резановтар отбасы, Краснодар өлкесі Ива­нов селосының тұрғыны Р.Пан­ченко Нұр­сұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдаған.   * * * Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қор­дың ұжымы нақ Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік қызметінің арқасында Қазақстан бүкіл әлем дауысы жеткен көп­ұлтты заманауи мемлекет болып отырғанын атап өткен. «Біз Сіз үшін, елдің дамуы мен  игілігі жолындағы Сіздің ғаламат еңбегіңіз үшін орасан қуаныш пен мақтаныш сезіміне бөленіп отырмыз. Мемлекетіміз Сіздің басшылығыңызбен дамып келе жатқан кезде қазақстандықтар өз болашағына се­німмен қарайтын болады», – делінген хатта. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлері сайлау нәтижесі тағы да халықтың өз Пре­зидентіне деген жоғары сенімі мен қолдауының айғағына айналғанын айтады. «Біздің бәріміз мемлекет бағытының нәтижесін көріп отырмыз. Бұл – бірлік, тұрақтылық, келісім, өсіп-өркен­­деу және болашаққа ұмтылыс. Сіздің бас­шы­лығыңызбен Қазақстан Респуб­ли­касы салыстырмалы түрде қысқа уақыт ара­лығында сыртқы саясат саласында елеулі жетістіктерге жетіп, халықаралық қо­ғам­дастықтың беделді әрі жауапты мүшесіне айналды», – делінген құттықтауда. Қазақстан құрылысшылары қауым­дастығының мүшелері сайлаушылардың таңдауы халықтың өз Президентіне деген шексіз сүйіспеншілігі мен ғаламат сенімін көрсетіп отырғанына тоқталады. «Сіздің арқаңызда Қазақстан танымастай өзгерді. Сіз елді даналықпен, байыпты әрі сенімді түрде тұрақтылық жолымен бастап келесіз. Жалғыз дұрыс жол – осы. Көрші елдерде саяси дағдарыс дендеп тұрған кезде тұрақтылық аса маңызды. Соның арқасында біздің еліміз бабаларымызға арман болған биіктерге қол жеткізді», – делінген құттықтауда. «Қазмырыш» компаниясының мың­даған адамдық ұжымы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаудың мүмкіндігі ту­ғанына аса қуанышты екендерін айтады. «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының күрделі кезеңінде уақыт сынынан өткен Сіздің халықпен етене бірлігіңіз тамаша нәтижелерге жеткізді. Сіз қазақстандықтардың білім алуы, денсаулығы, рухани-адамгершілігі мәсе­­лелерін үнемі назарда ұстадыңыз. Қазақ­стан халқы Мәңгілік Ел идеясының рухани қуатына сүйене отырып, әрі қарай ілгерілеуге және татулық пен қоғамдағы келісімді сақтауға деген ұмтылысын тағы да көрсетті», – деп жазады автор. «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1»  ЖШС жұмысшылары Мемлекет басшысын кезектен тыс сайлаудағы жарқын жеңісімен құттықтады. «Біз Сіз­дің жеңісіңіз Қазақстан дамуының жаңа ке­зеңін сипаттайтынына сенімдіміз», – деп жазады авторлар. Алматы қаласындағы локомотив пайдалану депосының көпұлтты еңбек ұжымы өздерінің құттықтау хатында бүкіл тәуелсіздік жылдары бойы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүріп өткен жолдың қуатты және өркендеп келе жатқан мемлекетті құрудың жолы екеніне назар аударған. Алматы қаласынан «Рахат»  АҚ еңбек ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын жеңісі халықтың өз көшбасшысына қалт­қысыз сенетінінің айғағы екенін айтқан. «Дауыс беру қорытындылары сіз жүргізіп отырған саясатты жалпы халықтың қолдайтынын тағы да көрсетті. Біз еліміз Сіздің басшылығыңызбен кез келген қиындықты еңсеріп, бұдан да зор табысқа жететініне сенімдіміз», – делінген хатта. «Modern Media Group» ЖШС өкілдері қазақстандықтардың таңдауы ұлттың, ел мен әлемдегі адамзаттың игілігіне бағытталғанын атап өткен. «Мұндай тұтастық демократияның, адалдықтың, ашықтықтың әрі жаңа жеңістерге қатысты үлкен жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып саналады. Халық өз Президентін жақсы көреді, оған бақыт, денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық тілейді. Қазақстанның жеңісті бағдары Сізбен бірге ғана мүмкін болады», – делінген хатта. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы Нұр­сұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды дамытуға баға жетпес үлес қосқанын, сол үшін де  ел азаматтары президенттік сайлауда оған дауыс бергенін айтады. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мемлекеттің білім беру саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын, соның арқасында оқу орындары айтарлықтай табыстарға жетіп жатқанын айтқан. «Болашақта институционалдық реформаларды жүзеге асыру аясында елдің ғылымы мен білімі бұдан да жоғары деңгейге көтерілетініне сенімдіміз», – делінген құттықтауда. Қазақ мемлекеттік қыздар педа­го­ги­калық университетінің ұжымы мен сту­денттері Қазақстанның әлемге достық пен өзара түсіністіктің, тұтастық пен бірліктің отаны екенін тағы да танытқанына тоқталған. «Біз Сізді президенттік сайлау­да бірауыздан қолдадық, өйткені, Қазақ­стан­ның жаңа биіктерге шығуын тек Сіздің есіміңізбен байланыстырамыз», – деп жазады авторлар. Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гоги­калық университетінің ұжымы Қазақ­станның тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда жеткен табыстарының бәрі Мем­лекет басшысы қызметінің жемісі екеніне тоқталған. Атырау мұнай және газ институтының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері өткен президенттік сайлау аға буын мен жас буынға бірдей маңызды еке­нін, оның барысында Нұрсұлтан Назар­баев­ты халық бір ауыздан қолдағанын айтады. А.Селезнев атындағы Алматы хорео­графиялық училищесінің ұжымы Елба­сының басшылығымен мемлекетіміз халық­аралық аренада, экономикалық даму­да, республикадағы тұрақтылық пен бір­лікті қамтамасыз етуде табысқа жеткенін атап айтқан. «Евразия» халықаралық экономикалық академиясының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асы­рылып жатқан индустриялық-иннова­циялық жол ел экономикасын дамытудың жаңа белесіне алып шығарына сенім білдірген. «Бүгінде біз болашаққа батыл жоспарлар құрып жатырмыз. Сіздің бүкілхалықтық мандатыңыз Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін нығайтып, оның әлеуеті мен интеграциялық рөлін әлемдік кеңістікте толықтай пайдалануға мүмкіндік береді», – деп жазады авторлар. Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний діни басқарманың және Орал епархиясының өкілдері атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік лауазымға қайта сайлануымен құттықтап, мықты денсаулық тілеп, Қазақстанды табысты басқаруына ниеттестік білдірді. Ардагерлердің республикалық ұйы­мының төрағасы Ө.Озғанбаев  Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы жеңісі Мемлекет басшысының бірлікті, экономикалық тұрақтылық пен тыныш­тықты, ұлтаралық  және дінаралық келісімді сақтауға бағытталған саясатына берілген жоғары баға екенін айтады. Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Жаркент қаласынан Жамбыл атындағы орта мектептің ұжымы, Елбасының Алматы облысы Қарасай ауданындағы мұғалімдері мен сыныптастары да хат жолдаған. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері, жазушы С.Досанов, Алматы қаласынан жазушы Ш.Кұмарова,  Астана қаласынан Социалистік Еңбек Ері Б.Шүкірбеков, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан «Абай» журналының бас редакторы М.Оспанов, Ұлттық ғылым академиясының академигі Б.Жұмағұлов, Шымкент университетінің  профессоры Н.Өткелбаевтан да құттықтау хаттары келіп түсті. Осындай жылы лебізді хаттар Шығыс Қазақстан облысы Шемонаих ауылынан тыл ардагерлері Никитинадан, Дрючинадан, Федоровадан және  Бородинадан, Алматы облысы Жайнақ батыр ауылынан О.Байтоғаевтан, Қызылорда облысы Қазалы қаласынан З.Баймахановадан,  Алматы қаласынан Ж.Дәрібаевадан,  Ас­тана қаласынан Н.Черпоковадан, Қара­ғанды қаласынан Б.Ахметов және Шымкент қаласынан О.Көшекбаевтан келді.