Бокс • Кеше

Аида Әбікеева өзбек боксшысын жеңді

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күнінде ел намысын қорғаған Аида Әбікеева өзбек боксшысынан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.

Аида Әбікеева өзбек боксшысын жеңді

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

63 келіде шаршы алаңға шыққан бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Аида Әбікеева Дильфуза Бекованы 4:1 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз 7 желтоқсан күні жартылай финалда Таиланд өкілімен жұдырықтасады. 

аа

Сондай-ақ бүгін 66 келіде өнер көрсетуі тиіс болған ел боксшысы Милана Сафронова бірден жартылай финалға жолдама алды. Осы салмақта Таиланд боксшысының жекпе-жектен бас тартуына орай Милана Сафронова 7 желтоқсан күні Өзбекстан-Таиланд жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді. 

Бұған дейін 54 келіде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан тайпейлік қарсыласын 1 раундта үш рет нокдаунға жіберіп, айқын жеңіске жеткенін хабарлаған едік.