Таным • 04 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Чикагодағы «Тары»

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чикагоның төрінде тұрған «Тары» қазақ этно-кофеханасы аз уа­қыт­­та жергілікті халықтың көз­айымына айналды.

Ғалам ғажаптары: Чикагодағы «Тары»

Жас қазақ кәсіпкерлері енді АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон, Сиэтл сияқты өзге де ірі қалаларында этно-кофехана ашуды жоспарлап отыр. Себебі тары қосылған кофе – америкалықтарға жаңа дүние. Оның ерекшелігі – тары қосылған соң кофенің әдеттегі ащы дәмі басылып, жұмсақ сусынға айналатындығында. Кофеханада шай, науат, құрт секілді өнім­дер де ұсынылады.

 

Гитлердің жеңісі

ва

XXI ғасырда Адольф Гитлер жеңген сайлау қайда өтті?

Намибия ұзақ уақыт бойы неміс ота­ры болды. 2020 жылғы жергілікті сайлауда Ошана әкімшілік округінің бірінде Адольф Гитлер Унона есімді билеуші партияның кандидаты ретінде жеңіске жетті. Депутат оның әкесі Гитлердің тарихтағы нақты рөлін түсінбегенін әрі өзі ешкімді жаулап алмайтынын айтып ақталған еді. «Атымның саяси рөліме еш қатысы жоқ. Бұл үлкендердің қателігі. Мен ізгілікті қолдаймын» деген екен жаңа заманның басқаша Гитлері.

 

Қолтырауын қаңқасы

ва

Палеонтологтер Перудың Окукахе шөлінен 10 миллион жыл бұрын өмір сүрген қолтырауын сүйектерін тап­ты.

Ғалымдардың болжамынша, «Пис­когавиалис» атты бұл жануар Оңтүстік Америкада шамамен 12 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Ұзындығы шамамен 3 метр. Суда мекендеген. Ғалымдар оны тек балықпен қоректенген деп отыр. Экспонат келер айда Перудің геологиялық тау-кен-металлургиялық институтында көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Мейірім маршы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Бұйырған кетпейді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Ең төменгі нота

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02

Қолдан көлік құрастырған

Өнер • Бүгін, 08:00

Қолөнершілер бас қосты

Қоғам • Бүгін, 07:55