туристерді жыл бойы қабылдайтын болады
Қазаққа ұлы Абайды сыйлаған шығыс өңірі ақынның мерейтойына дайындық шараларын бастап кетті. Биыл хакімнің туған жері – Абай ауданында негізгі мерейтойлық шаралар өтеді. Осыған орай аудан орталығы Қарауылды абаттандыру мен көріктендіру, әлеуметтік нысандарды жаңарту бағытында тың өзгерістер күтіп тұр.
Абай ауданы – қонағы көп мекен. Жидебайдағы ақынның соңғы он жыл өмірін өткізген үйі мен қазақтың қос алыбы – Абай мен Шәкәрімнің кесенесін көріп, зиярат етуге шетелдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен меймандар толассыз ағылады. Ақынның туғанына 170 жыл толуы қарсаңында қонақтардың қарасы қалың болатыны даусыз. Сондықтан, Жидебай қорық-мұражайы қонақтарды қабылдауға дайын болуы тиіс. Абай ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Даниал Ахметов Жидебай кешеніне келетін туристер үшін қонақүй мен дәмхана қажеттігін жеткізді.
Біршама жыл бұрын Абай мұражай-үйінің маңайында салынған нысан аяқталмай қалған болатын. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының директоры Жандос Әубәкір туристер көп келуі үшін кешеннің заманауи инфрақұрылыммен қамтылуы керектігін айтады. Бұл нысанды аяқтау үшін 16 миллион теңге қаржы бөлінбек. Осы орайда облыс әкімі әу баста жазғы қонақ үй ретінде жоспарланған қонақ үйді қысқы үлгідегі ғимарат етіп салу қажеттігін атап өтті. Сонда кешен туристерді жыл он екі ай қабылдай алатын болады.
Айта кеткен ләзім, Жидебай – Құнанбайдың құтты қарашаңырағы болған мекен. Құнанбайдан кейін оның кенже ұлы Оспанға қалдырылған. Оспан қайтыс болғаннан кейін қазақтың әмеңгерлік жолымен келіні Еркежанды алған Абай 1894 жылдан бастап, соңғы он жыл ғұмырын осы Жидебайда өткізді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы.

Жоғары айлық байлықтың көрсетшікі ме?
Қаржы • Бүгін, 22:20
Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Қоғам • Бүгін, 21:55
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорданың ескі автовокзалына қатысты қауесеттерге жауап берді
Қоғам • Бүгін, 21:38
Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді
Қоғам • Бүгін, 21:19
Қызылорда облысының әкімі желідегі тапсырыспен қойылған лайк пен пікірлер туралы айтты
Аймақтар • Бүгін, 20:55
Дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта буын медицина қызметкерлері 7 пайызға азайды
Медицина • Бүгін, 20:27
Жекпе-жек айтыстың финалы: алтын қамшы мен автокөлік иесі кім?
Айтыс • Бүгін, 20:16
Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі
Құрылтай • Бүгін, 19:59
Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 19:43
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 19:19
«Беске дейін үлгер»: Қазақстанда ата-аналарды цифрлық қолдаудың тиімділігі бағаланды
Қоғам • Бүгін, 19:17
Инфляцияның әсері: 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы төмендеген
Қоғам • Бүгін, 18:54
Астанада екінші әуежай салына ма?
Елорда • Бүгін, 18:30
Индустриялық сертификат иелеріне жаңа талап енгізіледі
Экономика • Бүгін, 18:17
Астанадағы автотұрақтар толығымен қала меншігіне өтті
Елорда • Бүгін, 18:06