Екінші дүниежүзілік соғыста фашистердің құрсауында қалған Ленинград қаласының азат етілгеніне қаңтардың соңғы күндерінде
71 жыл толды.
Шымкенттегі М.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназия ұжымы осы датаға орай Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Шаля мен уақытында осы мектептен тәлім алған, өзі сұранып майданға аттанған, Ленинград қоршауында бар ауыртпалықты көрген майдангер Таисия Медведеваны шақырып, әңгімелерін тыңдады.
«Күндік асқа 125 грамм нан беріледі, жылу мен электр энергиясы жоқ. Аспаннан жаңбырдай жауған оқ, ыңыранып келіп үй аумағындай жерді аспанға атқан ауыр снарядтар, талқаны шыққан қала, қырылып жатқан адамдар, шыбын жанын қайда қоярын білмей құлындаған дауысы құраққа шыққан бала-шаға...».
Майдангерлер қоршауда қалған қала, өліспей беріспеске бекініп, ұрыс салған жауынгерлер, майдан кептерлері жайлы әңгіменің тиегін ағытты. Соғыс біткеніне 70 жыл болса да зұлмат жылдар салған жарақат жүректен кетпек емес, деді олар.
Өрімдей жастық шағы ел басына күн туған уақытқа дөп келген қос майдангердің бүгінгі ұрпаққа айтары көп еді. Ленинградтықтар сол бір қиын күндерде өшпес ерліктің үлгісін танытқан.
Кездесуге арнайы қатысқан облыстық жасөспірімдер туристік стансасының өрендері Санкт-Петербургке жақын орналасқан, қоршауда қырылып, жаппай жерленген Пискарев мемориалды қорымынан бір шөкім топырағы бар құты капсула ала келіпті. Оқушылар ерлікпен қаза тапқан майдангерлерді, азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.
Оқушылар соғыс кезіндегі әндерді айтып, би биледі. Ұлы Жамбылдың қоршаудағы қала тұрғындарына арнаған “Ленинградтық өрендерім” сияқты өршіл өлеңдерді оқыды.
“Біз соғысты көрген жоқпыз. Аталарымыздан естідік, кинолардан көрдік. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратқан соғыста жеңімпаздар болмайды. Отанымыз аман болса екен. Халқымыз бақытты болса екен. Біз бейбітшілікті қолдаймыз”. Жасөспірімдердің пікірі осыған сайып жатты.
– Сендер бақыттысыңдар, – деді Таисия Медведева. – Бейбіт уақытта дүниеге келдіңдер. Соғыс салған өртті құдайым сендерге көрсетпей-ақ қойсын. Жеңіс күнін жақындатқандарды ұмытпаңдар және Қазақстандай қуатты мемлекеттің ұл-қыздары екендіктеріңді мақтаныш етіңдер.
Көкөрім шағында қан майданға түскен ардагерлердің батасы осы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10