Әлем • 04 Желтоқсан, 2024

Елшілік Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 желтоқсанның түнінде Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай жариялағаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Елшілік Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Фото: Әлеуметтік желіден

Оңтүстік Корея билігі бұл жағдайға оппозицияның билікті қызметінен тайдыруға әрекеттенуі мен қысқартылған бюджет арқылы елді әлсіретуге арналған ұсыныстары себеп болғанын айтты.

Десе де  6 сағаттан кейін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль депутаттардың дауыс беруінен кейін елде әскери жағдай енгізу туралы жарлықты жойды. 

Осыған байланысты Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі сонда жүрген отандастарымызға үндеу жасады. 

«Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз», делінген үндеуде.

Сондай-ақ елшілік төтенше жағдай туындаған жағдайда +8210-6572-9311 жедел байланыс номеріне хабарласуды сұрады. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50