Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2024

Алматы мен ШҚО тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Іле Алатауы мен Алтай тауларында қар көшкіні жүруі ықтимал екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы мен ШҚО тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Фото: ТЖМ

Министрлік мәліметінше, қыс пен көктем мезгілдерінің басында қар көшкіні жүру қаупі жоғарғы болады. 

Мәселен, биыл шамамен 1,2 млн м3 213 қар көшкіні өздігінен түскен. Есеп бойынша Алматы мен ШҚО тауларындағы қар массасының биіктігі норма шегіне жетіп, кей тұста асып кеткен. 

Осыған байланысты Іле Алатауы мен Алтай тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. ТЖМ азаматтарды әзірге тауға шықпауға шақырды. 

вв