Фото: Kazpost
Түзетуге сай пошта жөнелтілімін жеткізу және тапсыру рәсімі оңай болмақ. Енді пароль (пин-код) енгізе отырып, сәлемдемені құқықты растау процесі арқылы келісім алу жолымен адресаттарға, олардың заңды өкілдеріне, сенім білдірілген өкілдерге не үшінші тұлғаларға беруге болды.
«Поштаматтарды көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастыру нормалары да нақтыланады. Ғимараттардың, құрылысжайлардың, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пошта операторларына поштаматтарды шарттық негізде орнату үшін алаңдар бере алады», делінген Мәжіліс хабарламасында.
Сондай-ақ «Пошта туралы» заңнан пошта жәшіктері арқылы қарапайым хаттарды жіберу азайғанына байланысты күтіп-ұстау шығындарын және пошта бөлімшелерінде хаттарды қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, бұл нормаларды заң мәтінінен алып тастау ұсынылды. Ал көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан абоненттік жәшіктер туралы ережелер өзгеріссіз қалады.