Мәселе • 05 Желтоқсан, 2024

Қараусыз ит – қауіпті

78 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бүгінде ел ішінде қаңғыбас ит-мысықтар мәселесі өршіп барады. Азаматтардың пікір қайшылығы қо­ғамды екіге бөле бастады. Әрине, бұралқы иттен зар­дап шегушілердің саны азаймай тұрғандықтан, топ­­тасып көше кезген, аулада емін-еркін ойнақтап жүр­­ген адамның «досына» деген көптің көңілі суып кет­кендіктен оларды «тәртіпке салуды» жақ­тау­шы­лар жағы басым. Ал иттердің құқығын қорғап, шыр-пыр бол­ған­дардың да өз айтары бар.

Қараусыз ит – қауіпті

Мемлекет басшы­сы Қасым-Жо­март Тоқаев былтыр елі­міздің әлеуметтік-эконо­ми­калық даму мәселелері ­жө­нін­дегі кеңейтілген кеңес­те бұралқы иттер мәселесін шешуді Үкіметке шегелеп тапсырған еді.

«Әрине, бұл президенттік дең­гейдегі мәселе болмауы мүм­­кін, бірақ мен бұл туралы айта кетуім керек. Маған бар­­лық облыстан қаңғыбас ит­тер туралы арыз-шағымдар ке­­ліп түседі. Онда жергілікті ат­­қа­рушы орган­дардың еш­қай­­сысы тиісті заңды алға тар­­­тып, олармен айна­лыс­пай­­­­тынын айтады. Бірақ біз бұ­­лай кете берсек, жағ­дай­ды ба­­қы­лаудан шыға­рып алуы­мыз мүмкін. Ара-тұра қаң­ғы­­бас иттердің адамдар мен ба­­ла­­­ларға шабуыл жаса­ғаны ту­ралы ақпарат тарап жа­та­ды. Иә, біз жануарларға жа­на­­­­шырлықпен қарауымыз керек, бірақ олардың адам­дар­­­­ды, әсіресе балаларды қа­буы­­на жол бер­меуіміз керек. Со­­ны­­мен қатар қаңғыбас ит­тер­­дің шабуылы­нан зардап шек­­кендердің саны артып ке­­леді. Бұған жол беруге бол­майды», деген Мем­лекет бас­шы­­сы тиісті мекемелерге ша­ра­ қолдануды тап­сырған еді.

Мәжілістің Экология мәсе­ле­лері және табиғат пайда­лану комитетінің басмасы­мен «Жануарларға жауап­кер­шілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен то­лық­­тырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, бүгін­де аталған құжат жұмыс топ­тарының отырыстарын­да талқыланып жатыр. Мәжі­ліс депутаттарының бас­тама көтеруімен әзір­лен­ген заң жобасының кем-ке­ті­гін түзеп, өзгерістер ен­гізуге Еділ Жаңбыршин же­­тек­­шілік етіп отыр. Сондай-ақ Самат Мұсабаев пен Нартай Сәрсенғалиев та заң жобасының авторлары ретінде ахуалды барынша зерделеп жатыр.

– Былтыр Үкіметте өткен үлкен жиында Мемлекет бас­шысы қаңғыбас иттер мәсе­лесі төңірегінде дереу шара қабыл­­дауды тапсырған. Себебі олардың шабуылынан зар­­дап шеккендердің саны жыл­дан-жылға артып бара жат­қаны белгілі. Жыл басы­нан 1 қарашаға дейінгі ақпа­рат бойынша елімізде қаң­ғы­бас иттердің адамға шабуыл жасауының 15 560 фактісі тір­келген. Ал қожайынының қо­лындағы иттердің қауып алуы­ның да 10 750 дерегі тіркелген. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган­дардың әрекет­сіздігін де айтып өтуге болады. Мем­ле­кет бас­шысы атап өткендей, біз жа­нуарларға қам­қорлық жа­­­­­са­­ғанымыз дұрыс, бірақ олар­­дың қоғамға төн­дір­ген қаупіне, балаларға шабуылына жол бер­меу­ді заң аясында реттеуіміз керек, – дейді Е.Жаңбыршин.

Бұл ретте Мәжіліс төр­аға­сының орынбасары Альберт Рау­дың да пікіріне құ­лақ асып көрсек. Ол осы жыл­дың ақпан айында бір топ депутат Мәжіліс қа­был­даған «Жануарларға жа­уап­кер­ші­лікпен қарау туралы» заңға түзетулер енгізуге бас­тамашы болғанын, заң жобасы әу бастан-ақ қоғамның назарын өзіне аударғанын айтты.

– Қазақстанда халықтың 40%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Онда аталған заңның қолданыстағы нор­малары іс жүзінде орын­да­лып жатқан жоқ. Сон­дықтан талқылауларға қаты­сушы­лар­ды еліміздегі бұралқы ит­тер­дің немесе қараусыз қалған жа­нуарлардың санын реттеу, екіншіден, жергілікті атқа­рушы органдардың, сон­дай-ақ жануар­лар иеле­рінің «Жануар­ларға жауап­кер­шілікпен қа­рау туралы» заң­ның нор­ма­ларын орындау жөнін­дегі жа­уап­кер­шілік мәселе­ле­рін мұқият саралауға ша­қы­рамын, – деді А.Рау.

Зоология институтының ғылыми қызметкері Анна Хам­чукова қаңғыбас жануар­лардың санын реттеудің гума­нис­­тік тәсілі ретінде жануар­лар­ды қорғау ұйымдары «аулау-стерилизация-вакци­на­­­ция-бо­сату» (АСВБ) жүйе­сін ен­гі­зуді жақ­­­тай­тынын атап өтті. Деген­мен бұл тәсілді егжей-тегжейлі зерделесең, бір ұшы даулы мә­се­лелерге барып тіре­летінін әрі әжеп­тәуір тәуе­кел­дерді көр­се­тіп отыр­ғанын жеткізді.

– Қысқа мерзімде қаң­ғы­бас жануарлардың попу­ляциясын 100% стерилиза­циямен қамту мүмкін бол­ма­­ғандықтан, ірі елді мекен­дерде АСВБ әдісі попу­ляцияны бір­тін­деп азайта алмайды. Өйт­кені көбею­ге қабілетті стери­ли­зация­лан­бағандар олардың қатарын үнемі толықтырып отырады, – дейді А.Хамчукова.

Дегенмен ветеринар ма­ман­­дар құтыру және басқа да зоо­ноздық ауруларды қаң­ғы­­­бас жануарлардан, тіпті «ау­­лау-стерилизация-вакцина­­ция­-бо­сату» үдерісінен өт­кен­­­д­ерінен де жұқтыру қау­пі бар екені айтып жүр. Өйт­­кені бұл жүйеде вакцина тек бір рет қолданылады және оның әсері бір жылдан ас­пайды. Ал әдістеменің өзі айтарлықтай ғылыми негізі және бағдарламалық құжаты да жоқ. Есесіне талап ететін қаржылық шығыны аз емес.

Осы жазда екі қаңғыбас иттің ортасында қалған қара­ған­дылық Лейла Гойса да өз оқи­ғасымен бөлісті. Оқиға сол иттер жүретін тұрғын үй құрылысы нысанының маңында болған. Қыздың дене­сіндегі тыртық іздері сол күйі қалып кетіпті. Оның ша­ғымы бойынша учаскелік полиция қызметкері құрылыс жүргізушімен ғана түсін­діру жұмысын жүргізген. Ал Лейла­­ның айтуынша, ол иттер кейін оның туыстарына да әркез шабуыл жасаған.

Жуырда елордада өткен дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Арман Қалықов АСВБ жүйесі енгізілгелі нәтиже күт­кен­дегідей емес, керісінше бұ­рал­қы иттер санының арта түскенін, оның ішінде жақын «досын» көшеге тас­тап кете­тін азаматтардың да кесі­рінен көбей­­генін ашып айтты. Осы орайда ол сала­лық ми­нистрліктердің өкіл­деріне елді жануарларға жауап­кер­ші­лікпен қарау мәдениетіне тәрбиелеуге және иттер­ді се­руен­дету кезінде заң талап­та­рын бұзған азаматтарға жа­уап­кер­ші­лікті күшейтуге қа­тысты сұрақтар қойды.

Бірінші сұраққа жауап берген Оқу-ағарту министр­лігі Бала­лардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина осы оқу жылынан бастап мек­тептерде жануарларға жауап­кершілікпен қарау ісі қам­тыл­­ған «Бірыңғай білім беру» бағдарламасы жүзеге асыры­лып жатқанын, сондай-ақ бар­лық білім беру ұйымында қауіп­­сіздік сабақтары қолға алын­­­­ғанын жеткізді.

Өз кезегінде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев серуендеу ережелерін бұз­ғаны үшін ит иелерінің жауап­кершілігі күшейтілуі мүм­кін екенін атап өтті. Бүгінде айыппұл 10 АЕК-ті құрайды. Осы жылдың 9 айында 5 610 азаматқа айыппұл салыныпты. Бұл ретте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Әлішер Жарма­ғамбетов талаптарды бір­неше рет бұзға­ны үшін мұн­дай азаматтарды жазалау­ды, сондай-ақ өзгелер­дің ден­саулығына зиян келтір­ген ит-мысықтардың иелерін қыл­мыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.

Қысқасы, Еділ Жаңбыр­шин биыл­ғы 10 айдың ішінде еліміз­дегі бұралқы иттерден немесе қараусыз қалған және иесі бар жануарлардан зардап шеккендер саны 26 310-ға жеткенінің ­аз цифр емес екенін алға тартып отыр. Осылайша депутат заң жобасын әзірлеуге негіз болған бірнеше себепті атап берді.

– Расында, бұралқы иттер мен қараусыз қалған жануар­ларды реттеуде қолданыс­тағы заң нақты нәтиже берер емес. Оның ішінде заңдағы қара­ма-қайшылықтар, бұ­рал­­қы иттер мен қараусыз қал­­ған жануарларды реттеу­дегі кемшіліктер, жергілік­ті әкім­діктердің бұл ба­ғыт­тағы жұмысты өз деңге­йінде ұйымдастыра алмауы заң жо­ба­сын әзірлеуге түрткі болды. Оған қоса қоғамдағы ре­зо­нансты жағдайлар, сай­­лау­­шылардың депутат­тар­мен кездесулерінде қол­да­ныстағы заңды қайта қа­рау туралы талаптары, БАҚ бет­­­те­рінде және әлеуметтік желі­дегі қоғамның осы мәсе­лені жиі көтеруі де үлкен сеп болып отыр, – дейді Е.Жаңбыршин.