03 Ақпан, 2015

Шуақты шаңырақ

391 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ATN_8276 Алматыда соңғы алты жылда 30 жаңа балабақша ашылды Өткен жылы ғана газетімізде «Алматыда кейінгі бес жылдың ішінде 25 балабақша салынып, самаладай сәнді ғимараттар сәбилер­дің күлкісіне толды», деп қуана хабар­лаған едік. Осынау игі іс оңтүс­тік астанада жалғасын тауып тұр. Сол сияқты, тіл мәселесін балабақшадан бастау қажет деген сөзіміз нақты іс арқылы нәтижесін бере бастағанын айта кету қажет. Бүгінде қаладағы балабақшаларда орыс тілінде тәр­биеленіп жатқан балалардың саны 15 мың болса, қазақша тәрбие алатын балалардың саны 30 мыңның үстінде. Бүлдір­шіндердің 70 пайызы қазақ ба­ла­­бақ­шасына барып жүр. Қуа­нар­­­лығы, 7054 өзге ұлт өкілдері бал­а­ларын қазақша тәрбиелеуге беріп отыр. Таяуда Алматы шаһарының әкімі Ахметжан Есімов мектеп жасына дейінгі білім саласының жаңа нысандарын аралап көрді. Қала басшысы Алатау ауданы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан 120 орынды №95 балабақшада және мегаполистің Медеу ауданының аумағындағы 120 орынды №124 «Арнайы» (коррекциялы) ясли-бақшада болды. Әкім мектеп жасына дейінгі білім берудің вариативті түрін құрудың маңыздылығын атап өтті. Тәулік бойы жұмыс іс­тей­тін коррекциялық мекемелерді толықтай жергілікті бюджет қар­жы­ландырады. Бұларда 2-7 жас аралығындағы көзі нашар көретін және тілі мүкіс балалар тегін білім алады. Кішкентай кезінен ем алған мұндай балалардың 70 пайызының көзі мен сөйлеу мәнері қалыпқа келе­тіндігі анықталған. Қазіргі кезде Алматыда мектеп жасына дейінгі 9 коррекциялық балалар мекемелері жұмыс істейді. Қала әкімі мемлекет мін­деттеген балаларға мектеп жасына дейінгі білім беру ісіне айрықша назар аударылатындығын атап өтті. Мысалы, 2014 жыл «Алматы қаласында білімді дамыту жылы» деп жарияланды, соның арқасында өткен жылы 480 орынды 4 жаңа балабақша салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Саялы» шағын ауданында жалғыз басты аналар мен кезектесіп жұмыс істейтін ата-аналарды қолдау мақ­сатында қалада тұңғыш рет бес күн ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін 320 орынды балабақша мен «Үміт үйінде» арнайы топтар ашылды. Нәтижесінде, өткен жылы 800 орынды 5 балабақша іске қосылды. Әкім бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады деп атап өтті. Алматыда соңғы алты жыл ішін­де 30 жаңа балабақша ашылды, жалға алғандардың меншігінде бол­ған 7 нысан қайтарылып алынды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суретті түсірген Дәурен ИСАЕВ.