Қазақ баспасөзінің ардагері, қарт қаламгер, белгілі журналист Саламат Хайдарұлы 96 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қазақ қоғамы бастан кешкен қилы заманның куәгері болған, күрделі тағдыр иесі Саламат Хайдарұлы өзінің бар саналы ғұмырын әділет сөзін айтып, ақиқаттың үнін жеткізуге арнады. Соғыс жылдарында Қазақстан Жазушылар одағының батыс облыстардағы өкілі болды. 10 жыл бойы республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі қызметін абыроймен атқарды.
Жыр алыбы Жамбылмен кездесу бақытын еншілеген, қазақ әдебиетінің нар тұлғалары Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетовтармен қызмет бабында тығыз байланысқан. Солардың әсерімен өзі де әңгіме, хикаяттар жазған. Әр кезеңнің суретін сипаттайтын публицистикалық шығармалары мен әдеби туындылары Саламат ағаның 2 томдық шығармалар жинағында топтастырылды. Оның әдебиетіміз пен журналистикамыздың үлкен тұлғалары Зейнолла Қабдолов, Тауман Амандосовтарға ұстаздық етуінің өзі бір өнеге іспеттес.
Ел газеті «Егеменмен» түйдей құрдас Саламат аға өмірінің соңғы күндеріне дейін кезінде өзі қызмет еткен сүйікті басылымымен байланысын үзген жоқ. Қашанда газеттің жарық көрген әр санын мұқият оқып, хабарласып тұратын. Алдыңғы буын өкілі ретінде ақылы мен ұсынысын, шынайы көңілі мен ақ батасын кейінгі ұрпақтан аямай, қалам ұстаған жастардың санасында абыройлы ақсақал ретінде қала білді.
Газетіміздің 90 жылдық мерейтойында аталы сөз арнап, құрметті төрден батасын берген абыз ардагеріміз еді. «Егемен Қазақстанның» 95 жылдығына денсаулығына байланысты қатыса алмаса да, балаша қуанып, ақ тілегін арнаған-ды. Енді міне, қарт журналистің жүрегі соғуын тоқтатса да, қазақ баспасөзінің шежіресінде оның өзіндік өрнекті ізі қалды.
Елжіреп «Егеменге» жүрегіңіз,
Ішінде қарашаңырақ түледіңіз.
Оқытса Амандосов баршамызды,
Тауманға сабақ берген сіз едіңіз.
Қош, аға, баспасөздің қарт қыраны,
Көрмеген қылдан тайып сертті ләмі.
Құрдасы ел газеті «Егеменнің»,
Жүрегі – ізгіліктің ақ бұлағы.
Редакция ұжымы марқұм Саламат Хайдарұлының қазасына көңіл айтып, артындағы ұрпағына баянды өмір тілейді. Ардагер ақсақалдың рухына қимастықпен соңғы «қош-қошымызды» айтамыз.
«Егеменқазақстандықтар».

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11