Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024

Оқушылардың қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу - ағарту министрлігі оқушылардың қысқы каникулда қанша күн демалатынын жария етті, деп жазады Egemen.kz.

Оқушылардың қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Министрлік мәліметінше,  ІІ тоқсан сегіз оқу аптасын құрайды. Оқу жылындағы ең қысқа тоқсаннан кейін оқушылар 10 күн демалады. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады. 

Биыл мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларына қосымша 7 күндік демалыс беріледі. Қосымша демалыс 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығын қамтиды.