![Түркістанда жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартылып жатыр](/article_photo/1511849354_article_b.jpeg)
Биыл 1 желтоқсанан бастап техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынады.
- Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы дөңгелек болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер жүргізушілерді көліктің жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындауға шақырады, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, көлік жүргізушілері жазғы шиналарын ауыстырмаса, 1 желтоқсаннан кейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды.