03 Ақпан, 2015

Өндіріс тұрақты болса, жағдай да жақсы

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Ми­нис­трдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұ­мыс сапарымен Шығыс Қазақ­стан және Павлодар облыс­тарында болды, деп ха­барлады Премьер-Ми­нистрдің баспасөз қызметі. Өскеменде бірінші вице-премьер орталық мемлекеттік органдар басшыларының, ұлттық компаниялар мен бизнес-қауым­дас­тықтар өкілдерінің қатысуымен отан­дық тауар өндірушілерді қол­дау мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Өз сөзінде Б.Сағынтаев отан­дық өндірушіні қолдау дағдарысқа қарсы саясаттың негізгі бағыт­тарының бірі болып табылатынын атап өтті. Үкімет елдегі 80-нен астам ірі кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарады, жергілікті мазмұнды арттыру жолымен оларды қолдау іс-шараларының жос­пары қабылданды. Ол үшін мем­лекеттік тапсырыстарды басым­дықты орналастыру, сондай-ақ, ірі ұлттық компаниялардың, қазақ­стандық өндірушілерге тапсырыс беруі жоспарланып отыр, деді Б.Сағынтаев. Өз кезегінде, кәсіпорындар өз өнімдерімен біздің ішкі сұра­ны­сымызды қанағаттандырып, сонымен бірге, тұрғындар үшін жұмыс орындарын сақтауы тиіс, деп атап өтті бірінші вице-пре­мьер. Кеңес қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облы­сы әкімдігі мен ұлттық компаниялар және жергілікті тауар өндірушілер арасында жергілікті мазмұнды арттыру бойынша меморандумдарға қол қойылды. Олардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС, «Са­мұ­рық-Энерго» АҚ, «Қазцинк» ЖШС және бас­қалар бар. Қол қой­ыл­ған мемо­ран­думдардың жалпы сомасы 74 млрд. теңгеден асып түсті. Сол сияқты, Шығыс Қазақ­стан облысы әкімдігі мен жүйе құ­раушы кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша меморандумдарды бе­кітті. Оған қол қойғандар ішінде «Вос­­ток­цветмет» ЖШС, «Қаз­цинк» ЖШС, «УКТМК» АҚ, «Азия Авто» АҚ және басқалар бар. Б.Сағынтаевтың қатысуымен осы күннің екінші жартысында Пав­лодарда өткен кеңес шең­бе­рінде де дәл осындай меморандумдар бекітілді. Жергілікті мазмұнды дамыту бойынша меморандумдарға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Еу­р­а­зиялық топ» ЖШС, «КЕГОК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ жә­­не бас­қалар қол қойды. Келі­сіл­ген соманың жалпы көлемі 128 млрд. теңгеден асады. Жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұ­рақ­­тандыру жөніндегі мемо­рандумға «Қазақстан Алю­минийі» АҚ, «Қазақстан электро­лиз зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС және өңірдегі басқа да ірі кәсіп­орындар қол қойды.