ПЕТРОПАВЛ. 17 маусым. Еліміздің әр облысынан жиналған гір көтерушілер мен қол күресінің шеберлері бірнеше күн бойы күш сынасып, ең мықтылары Ирландия мен Малайзияда өтетін әлемдік додаға берілетін жолдамаларды ұтып алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Гір тасын көтерушілер арасында барлық жүлделі орындарды алаң иелері иеленіп, жалпы командалық есепте де үздік шықты. Екінші, үшінші орындарға қостанайлықтар мен павлодарлықтар жайғасты. Өз салмақтары бойынша жеңістің ең биік тұғырына көтерілген Елена Костенко (58 кг.), Наталья Нохрина (68 кг.), Михаил Вологодский (73 кг.) және Виталий Диденко (95кг-нан жоғары) енді қараша айында Ирландияда Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Армрестлингшілер арасынан жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысының спортшылары жеңімпаз атанды. Алматылықтар мен оңтүстікқазақстандықтар екінші, үшінші орындарды бөлісті.
Ал қыркүйек айында Малайзияда өтетін әлемдік жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы атынан Виктория Фролова (70 кг-ға дейін), Юрий Вобликов (80 кг-ға дейін) және Павел Луканин (90 кг-ға дейін) қатысады.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Сурет: egemen.kz
• 17 Маусым, 2015
Солтүстік Қазақстанда әлем чемпионатына қатысатындар анықталды

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше